Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда ковид-орталықтар қайтадан ашылып жатыр

newstaraz.kz

Өзбекстанда бес ай бұрын жабылған ковид-орталықтар қайтадан ашыла бастады. Елде Covid-19 жұқтырған науқастар көбейді.

Өзбекстанда университеттердің дені студенттер арасында COVID-19 тарауына байланысты қашықтан оқуға көшті.

18 сәуірден бастап республикада карантин талаптары күшейтілді. Енді үйлену тойлары мен ауызашарға жүзден артық қонақ шақыруға болмайды.

Мейрамханалар мен кафелер жартылай ғана толуы тиіс. Қоғамдық көліктерге де сондай талап қойылды.

Санитария және эпидемиология қызметіндегі дереккөздің мәліметі бойынша, бес ай бұрын жабылған ковид-орталықтар коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты қайтадан ашылып жатыр.

«Науқастар көбейді. Жағдай бақылаудан шығып кетті. 14 аймақта сovid-орталықтар қайтадан ашылды. Мұндай мекемелерді қаржыландыру басталды. Ол үшін Жапониядан алған несие пайдаланылады», — деді шенеуніктердің бірі.

19 сәуірде елдегі бірқатар облыста денсаулық сақтау басқармалары ковид-орталықтардың қайтадан ашылғанын растады. Атап айтқанда, Наурыз мерекесінен соң Әндіжан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы ковид-орталық қайтадан жұмыс істей бастаған.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, елде 86 892 адам коронавирус жұқтырған. 2037 адам емделіп жүр, 238 науқастың жағдайы ауыр, 109 науқастың халі мүшкіл.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »