Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда наразылық білдіргендерге қарсы «газ баллонын» қолданған

newstaraz.kz

Өзбекстанның Қашқадария облысы Чиракчи ауданында «қара бетперде» таққандар наразылық акциясына шыққандарға «газ қолданған». Бұл видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиға болған күні аймақтағы жол инспекторлары «қара бетперде» таққан адамдармен рейд жүргізіп, «ереже бұзған әрі бұзбаған» адамдардың көлігін айып тұрағына қойған. Оған наразы болған көлік жүргізушілері МАИ бекетінің алдына жиналған. Наразы топқа «қара бетперде» кигендер газ баллондарын қолданған. Осыдан кейін өзін нашар сезінген әйелге дереу жедел жәрдем шақырған.

Осы күні интернетке Чиракчи ауданында болған тағы бір оқиғаның видеосы жарияланды. Онда наразы топ ішкі істер басқармасының көлігін тоқтатып, жолын тосып алғанын көруге болады. Видеода өзін Шарофиддин Эргашев деп таныстырған адам милиция қызметкерлері оның көлігің сигналы істемейді деген себеппен айып тұрағына қойғанын айтып жатыр.

28 қарашада Қашқадария облысына барған Өзбекстанның ішкі істер министрі Пулат Бабажанов аймақтағы бірнеше шенеуніктерді қызметінен алып, 33 қызметкер тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар Чиракчи ауданында болған оқиғаға байланысты жазаланған.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, қызметінен алынғандардың арасында Қашқадария облыстық ішкі істер басқармасының Жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы мен Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі де бар.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »