Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда жұмыс берушілер жылына бір рет қызметкерін саяхатқа жіберуі тиіс

newstaraz.kz

Комплекс Шахи Зинда в Самарканде, 29 ноября 2019 года.

Өзбекстанда жұмыс берушілер 1 маусымнан бастап «Ўзбекистон бўйлаб саёҳат қил!» («Өзбекстанға саяхатта!») бағдарламасы аясында жылына бір рет жұмысшыларына ел ішінде саяхат жасауға мүмкіндік беруі тиіс.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2 мамырдағы жарлығына сәйкес, шығынның бір бөлігін жұмыс берушілер төлеуі тиіс.

Бұдан бөлек 1 қыркүйектен бастап Өзбекстанда ішкі туристер үшін кешбэк енгізіледі. Ел ішінде саяхат жасаған өзбекстандықтардың жолақысының 15%, қонақ үй ақысының 20% және театр, музей, цирк, көрме билеттерінің 50% қайтарылады.

Бұл қаражат туризм министрлігі жанынан құрылған қор есебінен төленеді. Биыл бұл қорға 30 млрд сум (2 млн 700 мың доллар) бөлінген.

Осылайша өзбек үкіметі ішкі туризмді дамытып, жергілікті бюджетке түсетін табыс көлемін арттырмақ.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда орташа жалақы — 270 АҚШ доллары.

«Ташкенттен Ургенчке ұшу 100 доллар. Қонақ үйлердің бағасы қымбат. Тұрғындар қайда барып қыдырмақ? Жұмыс берушілерге мұндай шығынның не қажеті бар?», — дейді Мирза Анвар Абдулла есімді тұрғын.

Британдық ғалым Софи Ибботсон Орталық Азия елдерінің туристік мүмкіндігін зерттеген.

«Өзбекстанда 30 миллионнан астам адам тұрады. Орта класс өсіп жатыр. Бұған адамдардың көп саяхат жасай бастағанынан көруге болады. Өзбекстанда саяхат жасау жеңіл әрі арзан. Мысалы бір автобусқа не пойызға отырып, бір күнде ЮНЕСКО қорғауындағы бес бірдей мәдени мұражайды аралауға болады. Мұндай аралайтын мәдени орындар өте көп», – дейді ол.

Өзбекстанда сонымен бірге «отбасылық саяхат жасау үшін демалыс» жүйесі енгізілген. Бұл демалыс кемінде бес күнге созылады.

Туризм министрлігі мәліметінше, жыл сайын өзбекстандықтар шетелге саяхат жасап, 1,1 млрд доллар жұмсайды. Олардың көбі Түркия, Дубай және Ыстықкөлге барады екен.

2020 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы Өзбекстанды туризм индустриясы дамыған 20 елдің қатарына енгізген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »