Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда жала жапты деп айыпталған журналист сотта БАҚ қорының басшысынан кешірім сұрады

newstaraz.kz

Ташкенттегі Шайхонтахур аудандық сотында Uzmetronom.com сайтының негізін қалаушы Сергей Ежковтың ісі қаралды.

Журналист БАҚ қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Комил Алламжоновқа жала жапты деп айыпталып жатыр. Бұл жөнінде Uzmetronom.com сайты хабарлады.

Биыл ақпан айында Uzmetronom.com сайтында «Бриллиант бала» және «Алыс нысанаға құю» деген мақала жарияланған. Онда К. Алламжоновтың Өзбекстаннан 4,2 миллион доллар болатын алтынды заңсыз шығарғаны айтылған.

Алламжонов өзіне «жала жапты» деп журналисті сотқа берді.

Сот залында журналист Сергей Ежков БАҚ қорының жетекшісінен кешірім сұраған. Алламжонов болса, сот процесі кезінде мақсаты журналисті соттау емес, өзінің адал екенін дәлелдеу болды деген.

Сот процесі аяқталғаннан кейін Алламжонов Ежковқа «Алламжонов кінәлі» деген кітапты сыйға тартқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »