Новости на Newstaraz.

20 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН

newstaraz.kz

Құлдықта өткен 20 жыл! Алматы облысында Ресей азаматы осынша уақыттан бері өзгенің малын бағып, үйін күзетумен келеді. Оған жалақы төлемейді, орнына азық-түлік пен киім-кешек береді екен. Қожайындарының айтқанын бұлжытпай орындамаса соққыға жығылады. Қолында құжаты жоқ азамат ешқайда кете алмайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Я у милиционера живу, он у меня забрал, говорил, что мне новый паспорт сделает».

Сергей Тимохиннің құжатсыз жүргеніне 20 жылдың жүзі болған. Есік қаласының тумасы. 1990 жылдары Ресейге қоныс аударыпты. 2000 жылдары Қазақстанға қайтып келген кезінде құжатымды бір полиция қызметкері тартып алып, қойын бақтырып қойды, дейді. Қазір тау басындағы аңшылық шаруашылыққа тиесілі үйді күзетіп жүр екен. Сергейдің айтуынша, қожайындары жалақы төлемейді, бірақ, азық-түлік пен киім әкеліп беретін көрінеді. Егер айтқанын орындамаса оңдырмай сабайтынын айтады.

СЕРГЕЙ ТИМОХИН:
«Кейде ұрады оған өзім кінәлімін. Адамдар өткенде көреді басым жарылып, бет-ауызым көк ала қойда болып жүргенін. Рұқсатсыз көлікті кіргізгенім үшін соққыға жығады».

Айтуынша туыстары мен қызы ресейдің Красноярск өңірінде тұрады екен. Соңғы рет 20 жыл бұрын көріпті. Қазір туыстарын сағынғанымен қолында не құжаты, не ақшасы жоқ. Қожайындары бұл жердан алысқа ұзауға тиым салған.

Сергейдің таудың басында тұрып жатқанына оншақты жылдың жүзі болған. Мұнда не интернет, не телефон байланысы жоқ. Оның жалғыз ермегі қысқа отын-су дайындап, мына екі итіне қарау.

Ал, шаруашылық қожайыны танымал психолог болып шықты. Ол Сергейдің құдасы көрінеді. «Тұратын жері болмаған соң өзі сұранды, жанымыз ашығандықтан алған болатынбыз. Бірақ жалақы туралы әңгіме болған жоқ», дейді. Оны мәжбүрлеп ұстап, ұрып-соққан емеспіз деп ақталды. Орманшы немесе қарағайшылармен ілесіп кетуіне мүмкіндігі бар деп отыр. Ал жеті жылдан бері не себепті құжаттарын рәсімдеп бермегенін түсіндіре алмады.

ВИКТОР ГРЕБЕННИКОВ, АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Біз оған паспорт аламыз деп ойладық. Екіншіден аңшылық шаруашылықты сатамыз деп ойладық. Сонымен айналып жүріп уақыт оздырып алдық. Артынан қалай болғанын өзіміз де түсінбей қалдық».

Сергейдің біраз жылдан бері аңшылық шаруашылықта жүргенін естіген облыстық полиция басшысы оны өзі жеке қабылдап, тиісті басқармаларға мән-жайды жіті тексеріп, құжаттарын жөнге келтіруді тапсырған.

СЕРІК ҮПИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Тергеу және криминалды полиция басқармаларының басшыларына, аталған азамат арызданған жағдайда, тиісті қылмыстық өндіріс қозғау, және сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу туралы тапсырма берілді. Егер, сол азаматтың, қандай да бір еңбекке, өзінің еркінен тыс тартылған жағдай анықталса, тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады».

Егер Сергей 20 жылдан бері өзін еңбекке жеккен азаматтардың үстінен шағым түсіретін болса , полиция тиісті шара қолданбақ. Әзірге ол тек өзін мәжбүрлеп қой бақтырған көліктегі полиция қызметкерінің үстінен арыз жазуды көздеуде

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »