Новости на Newstaraz.

Судан ресейлік әскери базаның құрылысын тоқтатты

newstaraz.kz

Судан өз аумағында салынып жатқан ресейлік әскери-теңіз базасының құрылысын тоқтатты. Бұл жөнінде араб ақпарат құралдары хабарлады. Ондағы ақпаратқа қарағанда, Хартум кез келген ресейлік әскери кеменің кіруіне жол бермейді.

Al Arabia каналының хабарлауынша, екі ел арасындағы келісім Судан заң шығару органы бекіткенге дейін тоқтаған. Хартум бұл жөнінде Мәскеуге ескерткен.

Былтыр қараша айында Ресей Судан аумағында, Қызыл теңіз жағасында әскери-теңіз флотын техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бекетін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Бұл жобаны 2019 жылы әскери төңкерістен кейін орнынан кеткен Суданның бұрынғы президенті Омар әл-Башир қолдаған. Ол АҚШ агрессиясынан қорғану үшін керек деп мәлімдеген.

2020 жылы Михаил Ходорковскийдің «Досье» зерттеу орталығы мен The Guardian британ басылымы әл-Баширдің кеңесшілері ресейлік бизнесмен Евгений Пригожинге қатысы бар саяси технологтар болды деп хабарлаған.

АҚШ қаржы министрлігіндегі «қара тізімде» Евгений Пригожиннің аты-жөні бар. АҚШ мәліметі бойынша, Пригожин Ресейдегі Вагнера жекеменшік әскери компаниясын қаржыландырады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »