Новости на Newstaraz.

АҚШ Украинаны қалпына келтіруге 1,3 млрд доллар бөледі

newstaraz.kz

Құрама Штаттар Ресей соққысынан кейін Украинаны қалпына келтіруге қосымша 1 млрд 300 млн доллар бөледі.

Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Лондонда өткен Украина экономикасын қалпына келтіруге арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Вашингтон бөлетін қаржының басым бөлігі энергожүйе мен маңызды инфрақұрылымдарға жұмсалмақ. Атап айтқанда, 520 млн доллар энергетика саласын модернизациялауға бөлінеді.

«Қалпына келтіру – бұл Украинаның қайта гүлденуінің іргетасы. Бұл қауіпсіздіктің кепілі ретінде Еуропамен толық интеграцияланған әлемнің барлық нарығымен байланыстағы ел болып саналады. Бұл жемқорлықпен күрес ретінде саналады. Украина соғыстан кейін экономикасы мен демократиясы барынша күшті мемлекет болады», — деді Энтони Блинкен.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак конференция кезінде Лондон Украинаға Дүниежүзілік банк арқылы үш млрд доллар кепілмен несие беретінін мәлімдеді. Бұл қаржы Украинаның мемлекеттік мекемелерін, мектеп мен ауруханаларды қалпына келтіруге жұмсалатынын жеткізді.

«Бахмут пен Мариупольды көріп отырғанымыздай, Ресей тартып ала алмағанын толық жойып жатыр. Украина экономикасына да осыны істегісі келеді», — деді британдық премьер-министр.

Британия бұдан бөлек Украинаға 250 млн фунт инвестиция бөлетінін мәлімдеді.

Еурокомиссия мүшесі Урсула фон дер Ляйен Киевтің реформа жолында айтарлықтай прогресс барын айтты.

«Мақсат жақын. Біз Украинадағы реформаларды Еуроодақ инвестицияларымен біріктіргіміз келеді. Біз ұсынып отырған 50 млрд доллар Украинаны 2027 жылға дейін қолдау көрсетуге көмектеседі», — деп жазды фон дер Ляйен твиттер парақшасына.

Конференцияға Украина президенті Владимир Зеленский видеобайланыс арқылы қатысты.

Дүниежүзілік банктың мәліметінше, биылға Украинаға халықаралық донорлардан 14 млрд доллар қажет. Бұл қаржы әлеуметтік шығындарға, атап айтқанда, зейнетақы төлемі мен денсаулық сақтау саласы мен мұғалімдердің айлығына жұмсалмақ.

Дүниежүзілік банк сонымен бірге Украинаны толығымен қалпына келтіруге 350 млрд доллар қажет дейді. Еурокомиссия басшысының бағалауынша, Украинаға келген шығын 600 млрд еуро. Украина президенті Владимир Зеленский болса шығын бір триллион доллардан асады дейді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »