Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде прокурор «қаржы пирамидасымен айналысқандарды» ұзақ жылға соттауды сұрады

newstaraz.kz

3 тамыз күні Ақтөбе прокуратурасы «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард», «Нұр-Али Капитал» компанияларының жетекшісі Жанболат Есіркеповті 20 жылға, оның сенімді серігі болып, Қазақстан өңірлеріндегі филиалдарға басшылық еткен тағы бірнеше адамды әрқайсысын 19 жылға соттауды сұрады.

«Қаржы пирамидасын құрып», «он мыңнан астам салымшының ақшасы мен мүлкін иемденген» қылмыстық топтың бас есепшісі» деп сипатталатын Дана Князбаева 12 жылға сотталуы мүмкін. Бұл іс бойынша мемлекеттік айыптаушылар сұрап отырған жазаның ең азы — 9 жыл түрме жазасы.

Тергеу орындары Жанболат Есіркепов бастаған жалпы саны 48 адамды «17 мыңнан астам қазақстандықтың қаржысын алаяқтық жолмен иемденді» деп айыптап отыр. Сот жарыссөзі 1 тамыз күні басталған. Зардап шеккендер мен сотталушылардың көптігінен прокурорлар айыптау сөзін үш күн бойы кезектесіп оқыды.

Ақтөбе соты бұл істі 2020 жылғы қараша айынан яғни, 1,5 жылдан бері қарап жатыр. Бұл істе 17 162 адам жәбірленуші танылған. Олар 30 млрд 220 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған деп айтылады.

Тергеу материалдарына қарағанда, «Выгодный займ» 2018 жылы Ақтөбе қаласында ашылып, 2020 жылы ақпанға дейін өзге өңірлерден бөлімше ашып, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Павлодар, Жаңаөзен секілді бірнеше қаласында жұмыс істеген. Салымшыларға өзін «криптовалютамен айналысатын ұйым» ретінде таныстырған.

«Қаржы ұйымын құрып, оған жетекшілік етті», «қаржы пирамидасын құрды», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «алаяқтық жасады», «заңсыз банктік қызметпен айналысты» деген ауыр айыптар тағылған Жанболат Есіркеповтің жасы 31-де. Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданының тумасы. Осы қылмыстық іс материалдарында «Есіркеповтің серіктерінің бірі» ретінде сипатталатын Жандос Елтаев оның туған інісі.

Мемлекеттік айыптаушылар «беделі жағынан филиал басшыларынан да жоғары болған» деп сипаттайтын Дана Князбаева 34 жаста. Тергеуге шақырылған зардап шегушілер мен куәлар Дана Князбаеваны жазбай танып, оны бірі «Жамал Максатовна», енді бірі «Бану» деп атаған. Прокурорлардың сөзінше, мұның бәрі Дана Князбаеваның бүркеншік есімі.

Сотталушылар қазақстандықтарға микронесие берумен айналысқан. Тергеудің мәліметінше, компания есепшотына 300 мың теңге алғашқы жарна салушыларды олар «ай сайын 35-48 пайыз өсім болады деп сендірген». Сотталушылар қазақстандықтардан жылжитын және жылжымайтын мүліктерден өзге бағалы зергерлік бұйымдарды да сатып алып отырған.

«Қаржы пирамидасын құрушылар» соты Ақтөбедегі қоныс колониясында өтіп жатыр. Бұл — бұрын жасөспірімдер колониясы болған жабық мекеме. Сотталушылар саны көп болғандықтан колонияның спорт залы осы процеске лайықталып, алдын-ала дайындалған.

Қазақстан заңнамасы бойынша, сотталушы бір жылдан артық тергеу изоляторында бола алмайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 342 баптың 4-бөлігіне сәйкес, күзетпен ұстаудың 12 айлық мерзімі өткеннен кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруы тиіс. Осыған орай тергеу изоляторындағы 31 адам 2022 жылғы 9 маусым күні үйқамаққа жіберілген. Олар сотқа келуден жалтармас үшін сот қаулысымен Ақтөбе әкімдігі берген тұрғын үй үйқамақ орны деп белгіленген.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, бұл іс бойынша 13 сотталушы әу бастан үйқамақта. Сот залына тергеу изоляторынан айдауылмен келіп жүрген төрт адамға айып кейінірек тағылған.

Сот жарыссөзі кезінде журналистер сот өтіп жатқан залға жіберілген жоқ. Журналистер жарыссөз барысын Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы монитордан бақылап отыр. Жарыссөздің алғашқы күні мемлекеттік айыптаушының сөзін бөлген адвокаттардың бірі «зерттелмеген фактілерді айтып жатыр» деген болатын. Монитордан адвокаттың бет-жүзін көру мүмкін болмады. Азаттық хабарласқан бірнеше адвокат «үкім шықпайынша ештеңе айта алмаймыз» деп сұқбат беруден бас тартты.

Қазақстанда кейінгі уақытта қаржы пирамидасына ақша салып алданғандар сан күрт артып, қылмыстық істер көбейді. Қаржы пирамидасына қатысты істермен айналысып жүрген заңгер Юлия Ашихмина Азаттыққа берген сұқбатында «қазақстандықтар тірліктен қажығаннан, қаржылай және әлеуметтік шарасыздықтан қаржы пирамидасына ақша салады» деген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »