Новости на Newstaraz.

Тоқаев интернеттегі контенттер мен жарнаманы қадағалайтын онлайн-платформалар заңына қол қойды

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері заңына» қол қойды.

Билік бұл заң онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама жұмысын реттеп, блогерлер мен инфлюенсердің жарнамадан табатын «көлеңкелі пайдасын» ашып, интернеттегі контенттерді реттейді деп санайды.

Заң демеушілік жасалған контенттерді, пабликтер мен олардың модераторларын, инфлюенсерлерді, онлайн-жарнамаларды, таргет жарнамаларды, хабарлама алмасатын мессенджерлерді, желідегі аккаунттарды қадағалайды.

Заңға сай, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі онлайн-платформаларға мониторинг жүргізеді. Министрлік интернеттегі қандай да бір контент я жарнама заңға сай емес деп тапса, авторына бес күннің ішінде «заң бұзушылықты» жоюды талап етеді. Екінші тарап министрліктің талабымен келіспесе үш күннің ішінде қарсы шағым түсіре алады.

Сондай-ақ Қазақстанда 100 мыңнан аса қолданушысы бар желілер (Instagram, Facebook, YouTube, Twitter, Telegram, TikTok, VK) елде ресми өкілін тағайындауы міндетті. Бұған қоса. онлайн-платформалардың интерфейсі мен модерациясына қазақ тілін енгізу қарастырылған. Бұл желілердің алгоритміне контенттерді қазақ тілінде модерация жасауға мүмкіндік береді.

Заң бойынша, Қазақстан билігі «талапқа сай емес» деп тапқан контентті онлайн-платформалар жоюы тиіс.

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері заңы» қабылданған соң Тоқаев «Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізу туралы» қол қойды. Екі заң бірігіп, интернетте «жалған ақпарат» таратқандарға әкімшілік жаза қарастырады. Интернетте жалған ақпарат таратқан қарапайым қолданушыға 20 АЕК (69 мың теңге), блогер я инфлюенсерге 40 АЕК (138 мың теңге) айыппұл салынады.

Қазақстанда «жалған ақпарат таратқандарға» қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Құқық қорғаушылар билік «Жалған ақпарат тарату» белсенділерге қарсы қолданады деп жиі сынайды.

Қазақстан билігі елдегі интернет пен әлеуметтік желіні қадағалауда ұстайды. Органдар билік «төтенше жағдай» деп тапқан оқиға кезде елде интернетті толық өшіруге құқығы бар. Бұған қоса, елде әлеуметтік желіде сыни пікірлер айтып, пост жарияланғандар да жиі жазаланады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »