Новости на Newstaraz.

CPJ 20 тәулікке қамалған журналист Амангелді Батырбековті босатуға шақырды

newstaraz.kz

Журналистерді қорғау жөнінде үкіметтік емес халықаралық комитет (CPJ) Қазақстан билігін «Сарыағаш-информ» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті тез арада босатуға шақырды.

10 шілдеде жариялаған мәлімдемесінде бұған дейін «жала жапты» деген айыппен әлденеше рет қамауда болған, былтыр қастандық жасалған журналисті тағы да 20 тәулікке қамауға алғаны — алаңдатарлық жағдай деп атады. CPJ Қазақстан билігін журналистерді түрмеге жабу қаупін азайтатын заң нормаларын енгізуге шақырған.

Өткен аптада Түркістан облысының соты Амангелді Батырбековті «жала жабу» бабымен 24 тәулікке қамау туралы шешім шығарған. Оған Фейсбук парақшасына «Cыбайластық па не бұл?» дейтін пост жазғаны себеп болған. Постта мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген пікір айтылған.

Журналистің жазуынша, 2019 жылы Нәжметдинұлы «алаяқтық» бабымен қозғалған іске күдікті ретінде тартылған, кейін бұл іс құпия түрде жабылып қалған. Депутат журналистің «алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске күдікті ретінде тартылған» деген сөзін жала жабу деп есептеп, сотқа берген.

Істі қараған судья Берік Қайыпов журналист «рас-өтірігін тексермеген, жалған ақпарат таратқан» деп мәлімдеп, айыппұл аздық ететінін айтқан.

Амангелді Батырбеков сот қаулысымен келіспеген. «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы «сот журналисті жауапқа заңсыз тартқан, өйткені журналистің қолындағы қаулының қолдан жасалғаны ресми түрде дәлелденбеген» деп санайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »