Новости на Newstaraz.

АҚШ америкалықтарды тезірек Ресейден кетуге шақырды

newstaraz.kz

Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейде The Wall Street Journal тілшісі Эван Гершковичтің ұсталуын айыптады.

«Ресей билігінің америкалық азаматтардың соңынан түсуін өрескел деп бағалаймыз» делінген Ақ үй таратқан мәлімдемеде. Онда сонымен бірге тәуелсіз журналистердің қуғындалуын қатаң айыптайды.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Ресейде тұрып жатқан америкалық азаматтарды тезірек бұл елден кетуін сұрады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, АҚШ билігі осылай бірнеше рет ескерту жасаған.

Ресейде жұмыс істеуге ресми аккредитация алған журналист Гершкович Екатеринбургте ұсталған. Бейсенбі күні ол Мәскеудегі тергеу абақтысына қамалды. Оған тыңшылық жасады деген айып тағып отыр.

Ресейдің тергеу қызметі журналист әскери-өндіріс кешені жөнінде АҚШ-қа құпия мәлімет жіберумен айналысты деп айыптайды. Бұл айып бойынша, 20 жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін.

Гершковичке адвокат жіберілмеген. Оған қорғаушы тағайындалғанын мәлімдеді.

Гершкович Ресейде туған. Бірақ әке-шешесімен бірге шетелге көшіп кеткен. WSJ басылымына дейін ол Agence France-Presse, The Moscow Times және The New York Times басылымдарында жұмыс істеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »