Новости на Newstaraz.

АҚШ генералы: америкалық сарбаздар Ауғанстаннан шығарыла бастады

newstaraz.kz

Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшысы, АҚШ әскерінің генералы Скотт Миллердің мәлімдеуінше, Құрама Штаттар мен оның одақтастарының күштерін Ауғанстаннан шығару басталды. Бұл туралы «Америка даусы» хабарлады.

Миллердің мәлімдеуінше, ол АҚШ президенті Джо Байденнің шешімі негізінде қабылданған жарлыққа сай әрекет етіп жатыр. Байден Америка тарихындағы ең ұзақ соғысты аяқтағысы келетінін айтқан.

Ауғанстандағы халықаралық күштерге 2018 жылдан бері қолбасшылық ететін генералдың айтынша, ол «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдерімен сөйлесіп, елде әскери жанжал шығаруға болмайтынын ескерткен. Тәліптер халықаралық күштермен жасалған келісім шарттарын орындап жүр, бірақ Ауғанстанның үкімет әскеріне шабуыл жасауын доғарған жоқ. Бұның алдында қозғалыс өкілдері шетел әскері елден шығарылғаннан кейін ғана бейбітшілік туралы келіссөзді жалғастыратынын мәлімдеген.

АҚШ пен «Талибан» арасындағы келісімге сәйкес, шетел күштері 1 мамырға дейін Ауғанстаннан кетуі тиіс. Алайда президент Байден әскерді шығару мерзімін ұзартты. Жоспар бойынша, соңғы америкалық сарбаз Ауғанстаннан 11 қыркүйекте шығады.

НАТО елдерінің күштері де Ауғанстаннан бірнеше айдың көлемінде кетеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »