Новости на Newstaraz.

АҚШ Киевке тағы 2 млрд доллар көмек береді

newstaraz.kz

АҚШ қорғаныс министрлігі жұма күні Украинаға екі миллиард доллар шамасында көмек беретінін жариялады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі Ақ үй өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаражат Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасы (USAI) аясында бөлінеді. Ақша «Хоук» зымыран кешендерін сатып алу мен орнатуға,, сонымен бірге «Пэтриот» зымыран кешені үшін зымыранның екі түрін алуға жұмсалады.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, Украина Pac-3 радиолокациялық зымырандар мен GEM-T озық үлгідегі зымырандар алады. GEM-T тактикалық баллистикалық зымырандарыд, қанатты зымырандарды немесе жау ұшақтарын жоюға арналған.

Орта қашықтыққа ұшатын «Хоук» зенитті зымыран кешені ұшақтарды ғана емес, қанатты зымырандардың көзін жоя алады. 2002 жылы АҚШ оларды жетілген түріне алмастырған, бірақ қарудың мұндай түрі бірнеше елдің армиясында бар. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 1700 «Хоук» кешені шығарылған.

Мұның алдында ғана әскери сарапшылар Украина қарымта шабуылға көшкенін мәлімдеген. Киев оған кейінгі бірнеше ай бойы дайындалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »