Новости на Newstaraz.

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдегі сайлауға байланысты мәлімдеме таратты

newstaraz.kz

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейде өткен парламент және жергілікті билік органын сайлаудың қорытындысын сынап, мәлімдеме таратты. Онда сайлаудың «еркін әрі әділ» өтпегені жазылған.

«Ресей үкіметінің «экстремистік ұйым», «шетел агенті» және «керексіз ұйымдар» туралы заңдарды пайдалануы саяси плюрализмді шектеп, Ресей халқына өздерінің азаматтық және саяси құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді. Сонымен бірге сайлауға дейін тәуелсіз саяси тұлғаларды қаралау талпынысы да байқалды, ал ЕҚЫҰ бақылаушыларына сайлауды бақылауға мүмкіндік берілмеді, бұл саяси науқанның ашықтығын азайтты» делінген мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторы «мұның барлығы Ресейдің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық және аймақтық ұйымдар алдында алған міндеттемелеріне қайшы» деп атап өткен.

«Біз Ресейді халықаралық міндеттемелерін орындап, адам құқығы мен оның негізгі бостандықтарын құрметтеуге, сонымен бірге азаматтық қоғам мен саяси оппозиция және тәуелсіз БАҚ-қа қысым жасауын доғаруға шақырамыз» деді АҚШ мемлекеттік департамент өкілдері.

Мәлімдеме авторы сонымен бірге Ресей аннексиялап алған Қырым мен өзін республика деп жариялаған «Донецк» (ДНР) және «Луганск халық республикаларында» (ЛНР) мемлекеттік дума сайлауының өткенін мойындамайтынын да жеткізді.

Ұлыбритания да осыған ұқсас мәлімдеме таратты. Онда Ресей билігінің «азаматтық қоғамды маргинализациялауы, тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтыруы, шынайы оппозицияны сайлаудан шеттетуі саяси плюрализмге нұқсан келтіреді» және «Ресейдің халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелеріне қайшы» деп көрсетілген.

Ұлыбритания Украинаның суверенді территориясы – Қырымда мемлекеттік дума сайлауының өтуін заңсыз деп санайтынын жеткізді.

Ресейде сайлау 17-19 қыркүйек аралығында өткен. Бақылаушылар сайлау кезінде бюллетеньдерді топтап салу, бақылаушыларды сайлау учаскесінен шығаруға тырысу сияқты заңбұзушылықтар, сайлау қарсаңында қарсылас жақтың танымал кандидаттарына ұқсас адамдарды сайлауға шығару сияқты әрекеттер байқалғанын хабарлады.

Ресей ОСК мәліметінше, Владимир Путинді қолдайтын «Единая Россия» сайлауда 49 пайыздан көп дауыс алған, КПРФ – 19 пайыз, ЛДПР – 7,49 пайыз, «Справедливая Россия – Патриоты – За правду» – 7,42 және «Новые люди» – 5,35 пайыз дауыс жинаған. Қалған партиялар бес пайыздық межеден өте алмаған. Ресейде парламенттің төменгі палатасы – мемлекеттік думаға өту үшін саяси партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы тиіс.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »