Новости на Newstaraz.

АҚШ: Түркіменстанда әйелдер құқығы шектеліп, интернет бұғатталып жатыр

newstaraz.kz

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті дүние жүзіндегі адам құқықтарының жағдайы туралы кезекті баяндамасын жариялады.

Оның Түркімненстанға арналған бөлігінде бұл елде адам құқықтарына қатысты жағдайдың өте ауыр екені атап өтілген.

Түркіменстанда 2022 жылы алаңдайтын мәселелердің қатарында әйелдерді кемсітушілік, сөз еркіндігін шектеу, журналистерге қарсы қорқытып-үркітулер, түрмедегі азаптаулар, интернеттің өте баяу жұмыс істейтіні, әлеуметтік желілердің бұғатталуы, сонымен бірге «адам құқықтарының бұзылуына әкелетін» барлық салада жемқорлық бар.

Баяндамада бүгінгі күні түркімен түрмесінде 12 саяси тұтқынның отыруы, олардың ішінде белсенділер мен журналистердің бар екені жазылған.

Баяндама авторлары түркімен билігі әйелдердің киіміне талапты күшейтіп, олардың жүргізуші куәлігін алуына тыйым салынғаны атап өтілген. Бұдан тысқары олар өлке ішінде де, сыртында да азаматтық белсенділерді қуғындап жатқаны үшін түркімен билігін сынға алған.

Мемлекеттік департамент түркімен азаматтарының елдің саяси өміріне араласу құқығы шектелгенін, олар үкіметті еркін әрі таза сайлау арқылы бейбіт жолмен алмастыра алмай тұрғанын мәлімдеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »