Новости на Newstaraz.

АҚШ-та миллиардер Джеффри Эпштейннің көмекшісіне қарсы сот басталды

newstaraz.kz

Дүйсенбіде Нью-Йорк федералдық сотында Гислейн Максвелдің үстінен қозғалған іс бойынша сот басталды. Оған кәмелет жасқа толмаған қыздарды миллиардермен төсектес болуға үгіттеумен айналысқан деген айып тағылды.

Айыптау қорытындысында америкалық миллиардер Джеффри Эпштейнге жас қыздарды табу мәселесімен Максвелл шұғылданғаны айтылған.

Саяси және іскер ортада үлкен ықпалға ие болған Джеффри Эпштейн екі жыл бұрын түрмеде өз-өзіне қол жұмсады. Миллиардер кәмелет жасқа толмаған қыздарды бұзды деген айыппен ұсталған.

Максвелл үстінен іс бойынша соттың алғашқы күні прокурор Лара Померанц күдіктінің бұрынғы ашынасы әрі бастығы Эпштейнге жас қыздар табумен айналысқанын айтты. Сотқа төрт куәгер қатысады. Олардың бәрі бала кезінде Эпштейннің сексуалдық құмарының құрбаны болғанын мәлімдеген. Куәгерлер миллиардермен кездесуді Максвелл ұйымдастырғанын айтады.

Максвелдің адвокаты Бобби Стернхайм айыптаушылардың бірнеше жыл бұрынғы естеліктеріне сенбеуге үндеді. Біріншіден, олардың көзқарасына осы іс туралы көп жазған баспасөз ықпал етуі мүмкін. Екіншіден, айыптаушылар Эпштейн байлығына көз тігіп, содан бірдеңе дәметіп отыр, деп топшылайды адвокат.

Эпштейннің құрбанымын дейтін бір қыз миллиардердің ықпалды адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге итермелегенін айтты. Ондай ықпалды адамдардың арасында ханзада Эндрю де болды, дейді ол. Британ ханшайымының ұлы бұны жоққа шығарып отыр.

59 жастағы Гислейн Максвелл 2020 жылғы шілдеде ұсталды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »