Новости на Newstaraz.

«Агентство»: соғыс басталғалы бері ресейлік 150 журналист көшіп кетті

newstaraz.kz

Фото:elements.envato.com

Ресей Украинаға басып кіргелі бері кем дегенде 150 ресейлік журналист көшіп кетті. «Агентство» басылымы осындай мәлімет таратты.

Басты себеп — Ресейдің әскери цензура енгізуі. Қарулы күштер туралы фейк таратқандарды соттау туралы заңдар қабылдады. Бұған қоса, «Медуза», «Медиазона», Би-би-си, DW, Азаттық радиосы Орыс қызметі жабылды. «Эхо Москвы» радиостанциясы тарады, «Дождь», Colta және басқа да басылымдар жұмысын уақытша тоқтатты.

«Агентство» мәліметінше, жабылған басылымдардағы журналистердің дені шетелге көшіп кетті. Мәселен, «Медузаның» мәскеулік редакциясы түгелімен дерлік Ресейден кетті. «Дождь», «Эха Москвы» және «Новая Газета» журналистерінің дені көшті. Журналистердің кейбірі елден кетіп бара жатқанын көпшілікке хабарлады. Олардың арасында «Дождь» бас редакторы Тихон Дзядко, осы арнаның жүргізушісі Михаил Фишман, Republic басылымының бас редакторы Дмитрий Колезев, киносыншы Антон Долин бар.

Ресейде армияға кір келтірді деген айыппен ондаған әкімшілік іс қозғалғаны мәлім болды. Соғысқа қарсы акцияларға үндегендер жазаланып жатыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »