Новости на Newstaraz.

АЙФОНДЫ СУРЕТКЕ ТҮСУ ҮШІН ЖАЛҒА АЛУДА

newstaraz.kz

Жұрттан қаламыз ба?  Елімізде  мақтанға құмар жандар үшін қызметтің, былайша айтқанда понттың жаңа бір түрі пайда болды. Достарына  мақтанып , әлеуметтік желіге сапалы фото салу үшін айфонның соңғы маркасын бір күнге я бірнеше минутқа жалға алатындар көбейді елімізде.  Бірақ  бізді таңғалдырғаны бұл емес.  Нәзік жандар аталған қызметті көбіне мүлдем басқа мақсатта қолданады  екен. Бұрынғы жігітін қызғандыру үшін, кейбірі сымбатты курьер жігітпен бірге суретке түсуді шығарыпты.  Ол үшін қанша ақша сұраса да төлеуге дайын. Ерекше қызметтің қыр-сыры жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

-Жақсы шығыпты иә?

-Сіздің 20 минутыңыз бітті. Кешір, мен қазір бірнеше минутта келем, жақсы ма? Рахмет сізге. Суреттерді почтама жібере саласыз ғой. Мінекей телефоныныңыз бен ақшаңыз. Сау болыңыз.

Қалай абсурд па? Абсурд.  Бірақ бұл қазіргі  кей мақтан құмар жастарды мүлдем алаңдатпайтын тәрізді.

 

Иә, «қазақ  десең өзіңе тиеді» ғой. Бірақ, несін жасырамыз, понт һәм пафостың неше атасын осы өзімізден көретін болдық қой. Осыдан бірнеше ай бұрын шыққан  айфонның соңғы маркасы кемі 500 мың тұрады.  Яғни бағасын  көбінің қалтасы көтере бермейтін гаджет. Алайда сәнді фотоссессия жасап,  бейтаныс жанға бір көргеннен жақсы әсер қалдыруға әркімнің-ақ бар таласы.

Бүгінде ауадан ақша жасайтындар деп осыларды айтатын шығармыз. Айфонды бір күнге  жалға беруі 20 мың теңге, ал 5 минуттық фотосессия жасау үшін 5000 теңге сұрайды. Ал оған да қаражаты жетпегендер үшін тіпті қызық ұсыныс бар.

 

«С какой целью вам нужна коропка? На фотоссесию, на фотки просто, — Все-все понял а куда вам надо привести? +0407- А вообще много людей обращается ? +0411 — да, обращаются.  Просто для фотосессии? да»

 

Иә, шалыс естімедіңіз. Кей пысықайлар телефонның бос қорабын да жалға береді. Қызығы, сұраныс та бар ғой.

 

«Оның бағасы мені мүлдем қызықтырмайды. несие төлесем де мен осы телефонды алдым. Жұрттан қалғым келмейді»

 

Ал жұрттан қалғысы келмейтін бұл арудың есімі  Аяулым. Жо-жоқ, біреудің айфонын жалға алып,  не болмаса бос қораппен түсетін жайы жоқ оның. Ол гаджет сатылымға шыққан алғашқы күндерде-ақ  оны бірден несиеге алып қойған жандардың бірі. Себеп тг-2))

 

Ал жұрттан қалғысы келмейтін бұл арудың есімі  Аяулым. Жо-жоқ, біреудің айфонын жалға алып,  не болмаса бос қораппен түсетін жайы жоқ оның. Ол гаджет сатылымға шыққан алғашқы күндерде-ақ  оны бірден несиеге алып қойған жандардың бірі. Себеп те, сол баяғы  мақтану ғой.

 

АЯУЛЫМ ШАХМАШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Осындай қызмет өте қызық. Бірақ мен өз телефонымды ешкімге осылай бермейтін едім. Себебі қазіргі адамдарға мүлдем сенім жоқ. Мен телефонды өзім үшін алдым. Олар өздеріне сатып алсын керек болса»

 

Телефонын жалға беретіндер де ақымақ емес бірақ.  Жалға алушымен келісімшарт жасасады.  Кәдімгідей қолынды қойып, кепілге бір құжат қалдырасың. Ал психологтар, бұл тенденцияны ауруға балап отыр.

 

ВЕНЕРА ТЕЛЖАН, ПСИХОЛОГ:

«Өзіндік бір психотипті адамдар болады. Өзіне көңіл аударту үшін әртүрлі іс-әрекеттерге баратын. Ондай адамға түк тұрмайды соңғы ақшасын төлеп, отельге барып суретке түсу деген сияқты. Жалға алып, оны инстаграмға суретке түседі. Жаңағы инстаграмдық ауру дейміз ғой».

 

Алайда кей бұрымдылар  тіпті қатырды. Айфонды былай қойғанда,  бұрынғы  жігітін қызғандыру үшін  курьермен бірге  түсетіндері де бар екен. Хош делік. Бастысы онлайн желіде бақыттымын деп жар салып жүргендер офлайн өмірде соған сай болса болғаны.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »