Новости на Newstaraz.

Айзада Қанатбекованың қазасы: Қырғыз бас прокуратурасы салғырттық бойынша іс қозғады

newstaraz.kz

Қырғызстанның бас прокуратурасы Айзада Қанатбекованы алып қашу және өлтіру ісі бойынша құқық қорғау органдарына қатысты салғырттық танытты деген бап бойынша іс қозғады.

Бұл іс бойынша Бішкектегі Бірінші май аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қызды алып қашу бойынша жасаған іс-әрекеттері тексеріледі.

Бішкекте бірнеше күн бұрын қыз алып қашумен байланысты болған қайғылы оқиғаға қатысты наразылық шарасы өткен. Наразылар ішкі істер министрінің отставкасын да талап еткен.

5 сәуірде Бішкекте белгісіз біреулер 1994 жылғы Айзада Канатбекованы көлікке отырғызып, алып қашып кеткен. Екі күннен соң оның денесі табылды. Алып қашқан көліктен сонымен бірге 31 жастағы ер адамның да денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам жанжал кезінде қыз баланы тұншықтырып, кейіннен өзіне қол салған.

Оқиғаға қатысты қылмыстық істер қозғалған.

8 сәуірде ішкі істер министрлігіне барып, наразылық өткізгендер Канатбекованың өліміне кінәлілерді тез арада табуды, осындай оқиғаға жол берген ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Наразылар «Отставка!», «Ұят!», «Министр кетсін!», «Жетеді!», «Алып қашу салт емес!», «Қауіпсіз мемлекетте өмір сүргім келеді!» деп айқайлаған. 2018 жылы алып қашу құрбаны болған Бурулайдың да оқиғасын еске салған.

Қырғызстанда қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіліп, қыз алып қашудың жазасы қатая түскен. 2019 жылы күшіне енген кодексте мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Бірақ бұл заң қыз алып қашуды жоя алмады. Мұны қырғыз президенті Жапаров та мойындады.

«Өкінішке қарай, қыз алып қашудың жазасын қатайтуға қарамастан, жастар ұрлау мен некеге күштеп тұрғызуға әлі де барады. Мұндай жағдай болмауы тиіс. Алып қашу мен некеге күштеу заң бойынша қатаң жазаланып, адам ұрлау мен күштеп ұстауға сыбайластық танытқандар үшін кешірім болмауы тиіс» деді Жапаров Facebook желісінде Айзада Қанабекованың өлімі жөнінде пікір білдіре отырып.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »