Новости на Newstaraz.

Алишер Усманов Германияда көлеңкелі ақшаны заңдастырды деп айыпталып жатыр

newstaraz.kz

Германияда «Салықтан қашу» және «Көлеңкелі ақшаны заңдастыру» баптары бойынша күдікке ілінген ресейлік олигарх Алишер Усмановтың ісіне байланысты «Бавария» футбол клубының кеңсесіндегі тінту – саяси қуғындау болып есептеледі. Осылай деп олиграхтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Bild басылымы хабарлағандай, Усманов пен неміс футболының топ менеджері, «Бавария» клубының бұрынғы президенті Ули Хенесстің байланысы бар.

«Олар бір-бірін таниды. Екеуі курорттық Тегернзе қаласына жиі барады», – деп жазды Bild.

Майндағы Франкфурт (Франфурт-на-Майне) қаласы прокуратурасы «Бавария» клубына және оның жауапты адамдарына қатысты ешқандай тергеу ісі жүргізілмегенін мәлімдеді. Бұл мәліметті футбол клубы да растады.

Bild басылымы мәліметі бойынша пікір білдіген Алишер Усмановтың өкілі тергеуге ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

Еуропа одағы (ЕО) 2022 жылдың ақпанның аяғында «Украина егемендігі мен аймақтық бүтіндігін бұзуға көмектескен» ресейлік кәсіпкерлер, шенеуніктер және мәдениет қызметкерлерімен бірге Усмановты да қара тізімге енгізген.

Биыл 29 сәуірде Усманов өзінің ЕО-ның санкция тізіміне енуіне қарсылық танытып, Еуропа сотына арызданған. Бірақ Bild газеті хабарлағандай, сот оның даулы арызды тездетіп қарау туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »