Новости на Newstaraz.

Amnesty International: Ресей Харьков қаласын кассеталы бомбамен атқылаған

newstaraz.kz

Жилой дом в Харькове после обстрела российской армией

Украинаның Харьков қаласында Ресейдің кассеталы бомба мен зымран шабуылы салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын опат болды. Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымының 13 маусымда жариялаған есебінде осылай делінген.

Харьковтың тұрғын аудандарына бейберекет соққы жасалды. Оны әскери қылмысқа жатқызуға болады, делінген ұйым мәлімдемесінде.

Amnesty International Ресей армиясының кассеталы бомба мен жаяу әскерге қарсы мина пайдаланғанына дәлел көп дейді. Қарудың мұндай түрлерін пайдалануға халықаралық конвенциялар тыйым салады. Ресей тыйым салынған қаруды қолданды дегенді жоққа шығарып отыр.

Харьковтың тұрғын аудандары соғыстың алғашқы күнінен бері дүркін-дүркін шабуылға ұшырады. Екі ай толассыз соққыдан бір жарым миллион тұрғыны бар қала қатты бүлінді. Харьков әскери-азаматтық әкімшілігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері 606 қала тұрғыны қаза болды, 1248 адам жараланды.

Зымырандарының ұшу траекториясы басқарылмайтын «Град» және «Ураган» қондырғыларын Ресей армиясы Украинадағы соғыста жиі қолданып жүр. Қарудың бұл түрлері нысананы дәл тигізуге арналмаған. Одан атылған зымыран 100 метрге дейін ауытқып кетеді. Тұрғын аудандарда үйлер қаз-қатар орналасқан, мұндай зымарн мен қарапайым артиллерияны қолдану кезінде бейбіт тұрғындар көп зардап шегеді, деп есептейді Amnesty International. Кассеталы бомбалар әуеде жарылған уақытта жүздеген шаршы метр аудандағы элементтерді қатты зақымдайды.

Бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымдарды жойған жүйесіз, бейберекет шабуылдар әскери қылмысқа жатады. Мұндай шабуыл жасағандар сотқа тартылып, одан зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстары өтемақы алуы тиіс, деп есептейді халықаралық ұйым.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »