Новости на Newstaraz.

Армения премьер-министрі сәуірде отставкаға кетеді

newstaraz.kz

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуірде отставкаға кететінін жариялады. Ол мұндай қадамға маусымда өтетін кезектен тыс парламент сайлауы өтуі үшін бармағанын атап өтті.

Өлке заңдарына сәйкес, Пашинян дауыс беруге дейін үкімет басшысының міндетін атқара береді.

Оппозиция Пашинянның қызметтен біржола кетуін талап етіп, болмаса таза сайлау өтпейтінін мәлімдеген. Өз кезегінде премьер-министр сайлаудан ұтылса, билікті жеңген тарапқа өткеріп беруді уәде еткен.

28 наурызда оппозиция өкілдері Ереванның орталығында кезекті рет митинг өткізді.

Арменияда наразылық акциялар ақпан айының аяғында басталды. Оппозиция Арменияның Таулы Қарабақ үшін тартыста жеңілгеніне премьер-министр Никол Пашинянды кінәлап, қызметтен кетуін талап етіп келген. Бірнеше аптаға созылған саяси дағдарысты реттеу үшін 20 маусымда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданған.

Былтыр күзде алты аптаға созылған қарулы жанжал Әзербайжан, Армения және Ресей үш тарапты келісімге қол қойғаннан кейін тоқтаған. Оның нәтижесі бойынша Таулы Қарабақтың шетіндегі үш аудан қайтадан Әзербайжанға қайтарылып, бейбітшілік орнату үшін Ресейдің 2 мыңдай жауынгері кіргізілген.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »