Новости на Newstaraz.

Ауғанстандағы 350 этникалық қырғыз мал-жанымен Тәжікстанға қашты (видео)

newstaraz.kz

13-14 шілдеде Ауғанстанда тұратын 345 қырғыз отбасы тәлібтерден қорқып, Тәжікстан аумағына қарай қашты.

Тәжікстан шекара қызметі сәрсенбіде Бадахшан провинциясының Андемин қыстағында тұратын 91 ер, 77 әйел және 177 жасы кәмелетке толмаған бала (64 ұл, 113 қыз) Мургаб ауданына қарасты Кызыл-Работ ауылына келгенін хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ауғанстандық қырғыздарды тәжік шекарашылары гуманизм ұстанымымен Тәжікстанға кіргізген.

Ауғанстандық қырғыздар мал-жандарын алып келген. Олармен бірге 1000 қой, 300 сиыр, отыз жылқы және үш түйе кірген.

Қырғызстанның Кабулдағы елшілігінің мәліметі бойынша Ауғанстанның Үлкен Памир және Кіші Памир аймақтарында қырғыздар саны 2 мың төңірегінде. Бұдан бөлек Ауғанстанның Мазари-Шариф, Кабул, Бадахшан, Құндыз, Гилменд қалаларында да қырғыздар бар.

«Тәлибан» қозғалысы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері мамыр айынан бастап Ауғанстаннан шыға бастағаннан бері шабуылды күшейтіп келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »