Новости на Newstaraz.

Ауғанстанның экс-премьері өзіне тәжік азаматтары қастандық жасағанын мәлімдеді

newstaraz.kz

Белгілі ауған саясаткері Гулбеддин Хекматияр өзіне Тәжікстан азаматтары қастандық жасауға әрекет еткенін мәлімдеді. 2 желтоқсанда Кабулда болған терактіден Хекматиярдың бір оққағары қаза болып, тағы екеуі жараланған.

«Алдын ала жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша, қастандық жасаған тәжік азаматтары екенін көрсетті. Жарылыс жасаған адамның серігінен «Ислам мемлекеті» тобының қара жалауы табылған», — деді Хекматияр.

«Ауғанстан ислам партиясының» лидері және елдің бұрынғы премьер-министрі Гулбеддин Хекматияр бұл мәлімдемесіне байланысты ешқандай дәлел келтірген жоқ.

Душанбе болса, әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

2 желтоқсанда ауған ақпарат құралдары Кабулда белгісіз адамдар Хекматиярге қастандық жасауға әрекет еткені жөнінде хабарлаған. Жарылыс кезінде экс-премьердің бір оққағары қаза болып, екеуі жараланған. Саясаткер зардап шекпеген.

Ariana News агенттігі шабуыл Дар-уль-Аман ауданындағы мешіт жанында болғанын айтады. Онда жұма намаз кезінде Хекматияр уағыз айтып жатқан тұста, паранджа жамылған екі адам мешітке кірмек болған. Оққағарлары оларды байқап, көзін жойған.

2020 жылға дейін Кабулдағы ресми үкіметке қарсы соғысқан Гулбеддин Хекматияр 1990 жылдардың аяғында Тәжікстанда қашып жүрген.

2021 жылы Ауғанстанда тәлібтер билікке келгеннен кейін ол Ұлттық қарсылық көрсету майданын қолдап жатқаны үшін Тәжікстанды бірнеше рет сынап, Ауғанстан жауап ретінде тәжік оппозициясының өкілдеріне өз аймағында саяси баспана беру керек екенін айтқан.

Тәжікстан билігі Хекматиярдың бұл мәлімдемесіне ресми пікір білдірген емес.

2003 жылы АҚШ 75 жастағы Гулбеддин Хекматиярды террорист деп жариялаған. Бұдан бөлек ол БҰҰ-ның қара тізіміне енгізіліп, бірақ 2017 жылы оған рақымшылық жариялап, қара тізімнен алып тастаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »