Новости на Newstaraz.

Австралияда тұратын тәжік ғалымы терроризмге үндеді деген айып бойынша кінәсін мойындады

newstaraz.kz

Батыс Австралия университетінде дәріс беретін тәжік ғалымы Абдусалом Одиназода шетелде терроризмге үндеді деген айып бойынша кінәсін мойындады, деп хабарлады West Australian ақпарат агенттігі.

Одиназода 2020 жылғы 22 желтоқсанда австралиялық Перт қаласындағы үйінде ұсталды. Оған терроризмді насихаттады, интернетте экстремистік материал таратты деген айып тағылды. 54 жастағы биохимик 6 жылға сотталуы мүмкін.

West Australian агенттігінің 1 тамызда хабарлауынша, Абдусалом Одиназода тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындады. Билік оны елдегі ең қауіпті адамдардың бірі деп есептейді. Ресми ақпаратқа қарағанда, ақпан айында Австралия полициясы интернетте «зорлық-зомбылыққа үндейдін видео» жариялаған Абдусалом Одиназоданың ісін тергеу бастады.

«Абдусалом Одиназода федералдық билік назарына 2020 жылғы ақпанда іліккен. Сол кезде ол Тәжікстанда «саяси астары бар зорлық-зомбылыққа үндейтін» материалдарды әлеметтік желілерде жариялап жүрген. Екі айдан соң Австралия полициясы 54 жастағы ғалымның үйін тінтіп, оның электронды құралдарының бірқатарын тәркіледі. Желтоқсан айында ғана бұрынғы биохимикке терроризмге үндеді деген ресми айып тағылды. Ол алты жылға сотталуы мүмкін», деп жазды West Australian.

Агенттік мәліметінше, Абдусалом Одиназодаға қатысты сот үкімі биыл тамыз айында жарияланады.

Одиназода Перт қаласындағы Батыс Австралия университетінде он жылдан астам уақыт жұмыс істеді, екі жыл бұрын полиция оны ұстағаннан бері қамауда отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »