Новости на Newstaraz.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның зымыран сынағына қатысты шұғыл жиналыс өткізеді

newstaraz.kz

Предположительно, фотография испытания ракеты морского базирования КНДР

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынауын 19 қазанда шұғыл жиналыста талқылайды. Кездесу АҚШ, Ұлыбритания және Франция бастамасымен өтеді. Бұл туралы NHK жапон арнасы хабарлады.

БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы ядролық және зымыран әскери бағдарламаларын дамытқаны үшін санкция салған. Соған қарамастан Пхеньян атом қаруының жаңа түрлерін сынақтан өткізуін доғарар емес. Орталық телеграф агенттігінің ресми мәлімдемесі бойынша, 19 қазанда жаңа баллистикалық зымыран сүңгуір қайықтан сәтті ұшырылған.

Солтүстік Кореяның су асты флоты мықты, онда 70-90 дизель сүңгуір қайығы бар. Солардың біріне ядролық қару орнату аймақтағы тұрақтылықты бұзады. Оның үстіне, Солтүстік Корея биыл сегіз ірі сынақ өткізген.

15 және 28 қыркүйектегі сынақтардан соң Қауіпсіздік кеңесі бірлескен мәлімдеме қабылдауға талпынған, алайда оған Ресей мен Қытай өкілдері кедергі жасады, деп хабарлады NHK.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »