Новости на Newstaraz.

«Бәрі тез өзгеруі мүмкін». Джо Байден америкалық азаматтарды Украинадан тез арада кетуін сұрады

newstaraz.kz

https://kazakbol.com/wp-content/uploads/2022/02/dzho-bajden-1.jpg

АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы америкалық азаматтарды тез арада кетуін сұрап, «жағдай бірден өзгеруі мүмкін» деп ескертті.

«Америкалық азаматтар тез арада, қазір кетуі тиіс. Әңгіме әлемдегі ең үлкен армиялардың бірі жөнінде болып жатыр. Ахуал тез өзгеріп кетуі мүмкін», – деді Байден NBC Newsтелеканалына берген сұқбатта.

Байден егер Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда да әскерін кіргізбейтінін жеткізді. Тіптен америкалық азаматтарын құтқару үшін де бұған бармаймыз деді.

«Егер америкалықтар мен ресейліктер бір-біріне оқ ататын болса, біз мүлдем басқа әлемге тап боламыз. Дүниежүзілік соғысқа айналуы мүмкін», – деді Байден.

The Wall Street Journal басылымы Польшадан америкалықтарды шығарып алу жоспары мақұлданғанын жазған. Қаңтар айында Польша билігі Ресей шабуыл бастаған жағдайда Украинадан босқындарды өткізу жолын құра бастаған. Польша елі бір миллионға дейін адамды қабылдай алатынын мәлімдеген

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаны баруға кеңес берілмейтін «қызыл тізімге» енгізді.

Қаңтар айында Мемлекеттік департамент Киевтегі Америка елшілігі қызметкерлерінің жартысын еліне қайтуға рұқсат берген. Ұлыбритания мен Канада да дипломаттарын шығарып алатынын мәлімдеді. Германия мен Австралия да қызметкерлерін эвакуациялай бастады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »