Новости на Newstaraz.

БАҚ Тәжік президентінің денсаулығы нашарлағанын хабарлады

newstaraz.kz

Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонның 22 наурызда Хатлон облысына жоспарланған сапары белгісіз себептермен кейінге шегерілген. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Хатлон облысының баспасөз қызметі мемлекет басшысы аймаққа 24-25 наурызда келуі мүмкін деп хабарлады.

Өткен аптада президенттің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесшісі Абдужаббор Рахмонзода Эмомали Рахмон Хатлон облысына 22 наурызда баратынын мәлімдеген. Аталған облыс басшысының баспасөз хатшысы президенттің бұл сапары ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық істеріне байланысты екенін айтқан.

Бірақ бірқатар «Твиттер» қолданушылары мен басылымдар Эмомали Рахмон ел алдында 10 наурыздан бері шықпағанын, оның міндеттерін атқару ұлына, парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Рустами Эмомалиге жүктелгенін хабарлап жатыр.

bne.intellinews сайты мемлекет басшысының көптен бері ел алдына шықпағанын, оның денсаулығының нашарлап кеткенін жазды.

2020 жылдың жазында президенттің коронавирус жұқтырып алғаны туралы ақпараттар пайда болған. Бірақ бұл мәліметтер расталған емес.

68 жастағы Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді. Ол былтыр қазанда өткен кезекті президент сайлауында 90,92% дауыс алып, бесінші рет жеңіске жетті.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »