Новости на Newstaraz.

Бішкек милициясы басшысын қызметтен алуды талап етушілер акция өткізді

newstaraz.kz

3 сәуірде Бішкекте қалалық ішкі істер департаменті ғимараты маңында жергілікті милиция басшысы Азамат Ноғойбаевты қызметтен алуды талап етушілер наразылық акциясын өткізді.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Бала құқықтарын қорғау лигасы» қоғамдық қорының жетекшісі Назгүл Тұрдыбекованың пікірінше, Ноғойбаевтың зорлық құрбаны болған кәмелет жасқа толмаған балалар туралы мәлімдемесі этикаға жатпайды. Наразылық акциясына қатысушылар ІІМ басшысы Ұлан Ниязбековтен Ноғойбаевтың айтқандарына назар аударуын сұрады.

«Қырғызстанда зорлық көргендер саны бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда екі есе көбейді. Бұған өз ісін адал атқармаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері де кінәлі. Сол себепті Ноғойбаев қызметтен кеткен. Бішкек милициясында зардап шеккен балалар мүддесін қорғайтын адамдар жұмыс істеуі керек», — дейді Тұрдыбекова.

Бішкек милициясының басшысы Азамат Ноғойбаев 31 наурызда тікелей эфирде із-түссіз жоғалған қыздардың кейбірі жыныстық қатынасқа «өз еркімен» түскен деп мәлімдеген.

Кейін ІІМ Ноғойбаев мәлімдемесіне қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған. Әлеуметтік желі қолданушылар Ноғойбаевты сынап, оның мәлімдемесін «орынсыз» деп атаған.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылы Қырғызстанда кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау оқиғасына қатысты 438 қылмыстық іс қозғалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »