Новости на Newstaraz.

Бішкек түбінде әйелдер ауыл басқармасының ғимаратын басып алып, несиелерін кешіруді талап еткен (видео)

newstaraz.kz

Бішкек түбінде бір топ әйелдер ауыл басқармасының ғимаратын басып алып, өздерін өртейміз деп қорқытқан. Олар бензин құйылған бөтелке мен газ баллонын алып келген.

Әйелдер елге несие беруді тоқтатуды талап еткен. Олардың өздері борышкер. Банк алдында несиелерін өтей алмай келеді екен.

«Мұнда жеті облыстан аналар келдік. Бәріміз ақ орамалымызды шешіп, қара орамал тақтық. Себебі, біздің халық қайғы шегіп отыр» дейді әйелдердің бірі.

«Эне-мекен» қозғалысының өкілі Ұрқия Баткен облысынан келген. Ол үкімет ғимаратына да барғанын айтады.

«Біз онда үш күн отырдық. Бірақ ешкім жауап бермеді. Біз несие беруді тоқтатуды талап етуге келдік. Оны өтей алмағандар соңғы баспанасынан айрылып жатыр», — дейді ол.

Шу облысының губернаторы Эркин Тентишев ғимаратты басып алған әйелдерге қарсы ешқандай шара қолданылмайды деді.

Бірақ ІІМ заңға сәйкес шара қолданамыз деп мәлімдеді.

Наразылық білдірген әйелдермен сенбі күні елдің премьер-министрі Улукбек Марипов кездесуге уәде берді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »