Новости на Newstaraz.

Бішкекке үш ел арқылы өтетін теміржол жобасының негіздемесін әзірлеу үшін Қытайдан 80 маман келді

newstaraz.kz

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты бойынша теміржол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін Қырғызстанға Қытай жобалау институтының 80 маманы келді. Бұл жөнінде Қырғызстан көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, Қырғызстан билігі «жобаны тезірек жүзеге асыруға бекінген».

Жуырда көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев Қытай теміржол құрылысы корпорациясына қарасты бірінші жобалау-іздеу институтының өкілдерімен кездескен.

Тамыз басында Өзбекстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов 15-16 қыркүйекте Самарқанда өтетін Шанхан ынтымақтастық ұйымы саммитінде Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол құрылысы жобасына қатысты үшжақты құжатқа қол қойылатынын мәлімдеген.

Бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне ШЫҰ саммитінде қол қою туралы бастаманы Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров көтерген. Қырғызстанға ресми сапармен барған Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу кезінде Жапаров теміржолдың Қырғызстандағы тармағы Бішкек үшін маңызды ұлттық жоба деп айтқан. Қытай сыртқы істер министрі сол кезде Пекин «Самарқандағы саммит кезінде осы жоба бойынша үшжақты құжатқа қол қою мүмкіндігін қарастыруға әзір» деп мәлімдеген.

Садыр Жапаровтың айтуынша, жоба құрылысы 2023 жылы басталып, үш-төрт жылға созылады. Бұған дейін Қырғызстан министрлер кабинетінің жетекшісі Ақылбек Жапаров теміржол құрылысы 2022 жылы күзде басталатынын айтқан. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев та құрылыстың «жуырда басталатынын» растаған.

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты бойынша теміржол жобасы 2000-жылдардың басында айтылған, алайда жүзеге асырылуы бүгінге дейін шегеріліп келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »