Новости на Newstaraz.

БОЙЖЕТКЕН: МЕНІ АЛЫП ҚАШЫП КЕТІП, ЗОРЛАДЫ

newstaraz.kz

Түркістанда «алып қашудың» құрбаны болған қыз, өзін ұрлаған жігіттің қорлығын жайып салды. Бойжеткенді мәжбүрлеп жар етпек болған еркек оны бірнеше рет зорлаған. Бірақ қылмыс жасаған жігіт те, оған көмектескен үш досы да қазір бостандықта жайбарақат жүр екен. Полицияға арыз жазса да, жаанйқайы ешкімнің құлағына жетпеген нәзік жан журналистерден көмек сұрап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бет-жүзін көрсетпей, атын атамауды өтінген мына бойжеткен екі айдан бері әділдікке жете алмай жүргенін айтады. Оның сөзінше, желтоқсанның 3-і күні таңертең Түркістандағы көшелердің бірінен 4 жігіт оның жеңгесінің көзінше алып қашып кеткен. Сөйтіп, алдымен Бірлік ауылына, кейінен, Ынтымаққа, болмаған соң, Кентауға, ең соңында Шымкентке жеткізіпті. Келін болуға көнбегесін, оны алғысы келген жігітпәтерде күштеп жыныстық қатынасқа түсіпті. ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Қараңғы бір бөлмеген апарып қойды. Сол түнгі 1-2 лер шамасында зорлады ана бала». Сорақысы сол, қыз бала зәбір көріп жатқан сәтте сол жерде жігіттің туыстары да болған екен. Олар қарап отырмай, іс-әрекеттің барлығын ұялы телефонға түсірді дейді жәбірленуші. Ал, ертесіне, түк білместен, болған жәйттің барлығына кешіріммен қарауды үйретті дейді. Тіпті, әке-шешесіне осы әулетке келін болып, өзім келдім дегенді айт деп үгіттеген екен. ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Әпкесі келіп мені видеоға алды. Болды қайда барасың, сен уже зорланып қойдың, өзім келдім деп айт деді. Өзім қаламын деп айт деді. Мама-папаңа жібереміз қазір деп, мені зорлап сөйлетті». Бірақ, адамгершіліктен жұрдай болған жігіттен көңілі қалған жәбірленуші енді кінәлілерді жазалауды қалап отыр. Полицияға арызданған. Алайда, бір емес, екі ай өтсе де, тәртіп сақшылары еш қимылсыз отырғанына түсіне алмай жүр. Қолында зорланғаны рас екенін дәлелдейтін тілдей құжаты бар. Сонда да, тәртіп сақшылары күдіктіні ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен босатып жіберіпті. Осыны пайдаланған сезіктінің туыстары енді әрбір күнді құр жіберместен, бойжеткеннің үйіне кешіріммен келіп жүр екен. АЙГҮЛ ОРЫНБЕК, ЗАҢГЕР: «Ал, ол жігіт қазір қайта қайта ата аналарына келіп жатыр екен, бұл қыз сабақта болған кезде. Арыздарыңды алыңдар, бриллиант тағамын деп мазақ қылады екен.Өйтемін, бүйтемін, сатып ала саламын дегендей ата-аналары келіп, қыздың анасы нервный срыв етіп, операцияға түсіріп отыр. Енді қашанға жалғасады мұндай нәрселердің барлығы?». Дегенмен, түркістандық тәртіп сақшылар ай қарап отырмағандарын айтады. Бойжеткен түстеген жігіттерді ұстаған. Сараптама тағайындаған. Бірақ, сот босатып жіберді дейді. БЕРІК НЫШАНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазіргі таңда, қылмыстық іс департамент бастығының тікелей бақылауында. күдікті тұлғаның қасында болған 3 азаматқа құқықтық баға беріледі. қылмыстық іс қысқа мерзім ішінде айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі». Сұмдық жәйт болған күні, жәбірленуші жеңгесімен бірге сабаққа шыққан екен. Енді, қыз алып қашу операциясының сот талқылауында басты куәгердің бірі ретінде осы, ағасының әйелі де болмақ. Айтпақшы, бойжеткен ұрланған күні оның туыстары жер-көкті шарлап, еш жерден іздеп

таппағандарын айтады. Ал, жәбірленуші өзінің арын таптаған жігіт пен оған алып қашуға көмектескендердің бәрі әділ жазасын алса деп отыр.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »