Новости на Newstaraz.

БРАКОНЬЕРЛЕР 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛАДЫ

newstaraz.kz

Киік біткенді қырып, қорықшыларға қоққан-лоққы көрсететін браконьерлер енді 12 жыл түрмеде отырады. Табиғат қаскөйлеріне заң қатайып, бақылау күшейіп жатыр. Тіпті заң жүзінде рұқсат етілген аң аулауға да бірқатар өзгерістер енгізілді. Сондай — ақ, табиғат инспекторларының жұмысында да жаңашылдықтар бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Кей қазақ кәсіп қылып киік атқан, мүйізін пайда қылып шетке сатқан». Арада ғасыр өтсе де Сәкен Сейфуллиннің осы өлеңі өзектілігін жоймай тұр. Жануардың киесін қойып, браконьерлер дегеніне жету үшін адам өмірін қиюдан да тайсалмайтын болған бұл күнде. Олардың жолын кесемін деп бейбіт күнде қорықшылар көз жұмуда. Осыданй соң заңды қатайту туралы әңгіме

айтылып, сең енді орнынан қозғалғандай. Президент пәрменінен соң табиғат қаскөйлеріне жаза күшейтілмек. Бұрын жан-жануарларға қырғидай тиетіндер 5 жылға сотталса, енді бұл жаза 12 жылға созылады. ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазір 12 жылға дейін көбейтіп жатырмыз. Өйтпесек, өздеріңіз көріп отырсыздар жылдан-жылға өршіп бара жатыр. Халық заңның қатал екенін түсінулері керек». Халықтың қаперіне салатын тағы бір нәрсе. Енді аң аулау кезінде кез келген суық қаруды қолдануға заңмен тосқауыл қойылмақ. Сондай-ақ министрлік инспекторлардың қызметтік автокөліктерін жарық және дыбыс белгілерімен жабдықтап, белгілі бір түске бояуды жолға қойып отыр. ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: “Браконьерді қалай қуу керек. Оны қалай тоқтату керек. Соның барлығының ішкі істер органдарының тәсілдері бар. Біз солардың оқу орталықтарында Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Алматыда біз оқу бағдарламаларын жасап, әр жартыжылдықта 60 адамнан оқытатын болдық”. Құзырлы органдар браконьерлікке қатысы барларлы арнайы тіркеуді бастады. Әзірге «қара тізімінге» 80 адам енгізілген. Олардың қаскүнемдігінен мемлекет биылдың өзінде миллиондаған теңге шығынға батқан. СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР АШМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Жылдың басынан бері 7000-нан аса табиғи қорғау заңнамасын бұзған бұзушылық тіркеліп, 5000-нан астам адам әкімшілік жазаға, 48 адам қылмыстық жазаға тартылды. Бұл бұзушылық бойынша келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгені құрайды». Дегенмен, қорықшының бәрі бірдей «ардақты атына» сай емес екен. Осы көктемде «Қорғалжын» қорығында 154 киікті қыруға «Охотзоопром» өңірлік филиалының екі қызметкерінің қатысы барын анықталды. Олар қос танысының қорық аумағына емін-еркін кіріп, ақбөкендерді жайратып салуға көз жұма қарапты.

ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің екі бабы 337 және 339 бабы бойынша сараланды. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Мемлекетке келтірген шығын көлемі 1 миллиард 435 миллион 841 мың 250 теңгені құрады». )) Ал, мүйіздері елорда тұрғынының гаражыннан табылды. Тергеу барысында қылмыстық топтың оларды Ресей аумағына өткізіп, Қытайға сатуды көздені белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша, жыл басынна бері елімізде киікті заңсыз аулаудың 46 фактісі тіркеліпті. Браконьерлерден 600-ге жуық ақбөкеннің сойылған еті, 1400-дей мүйізі тәркіленген.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »