Новости на Newstaraz.

Былтыр тәжік-қырғыз шекарасының 20 шақырымы анықталған

newstaraz.kz

Былтыр қырғыз-тәжік шекарасының 19,06 шақырым жері анықталды. Осылай деп Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Душанбеде өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның сөзінше, бұл жер Баткен облысы Лейлек ауданымен шектесетін Соғды облысындағы Деваштич, Спитамен және Жаббор Расулов аудандарында орналасқан.

«Тараптар бір жарым жыл ішінде қырғыз-тәжік шекарасының 102 шақырымға созылған жерінің реттеу жұмысын аяқтады. Бүгінгі күні екі елдің анықталған шекара қашықтығы 626 шақырымға жақын», — деді Мухриддин.

3-9 ақпанда Бішкекте екі елдің шекарасы бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуі өткен.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында жалпы 972 шақырым шекара сызығы бар. Оны анықтау 2002 жылы басталған. Осыған дейін екі елдің президенттері 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін растаған. Шекараның реттелмеген даулы аймағында екі ел тұрғындары арасында жиі қақтығыс болып тұрады. Былтыр бірнеше рет қанды оқиға болды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »