Новости на Newstaraz.

CIT: ресейлік әскерилер Украина шекарасымен 250 шақырым жерге жайғасты

newstaraz.kz

Conflict Intelligence Team тобы әлеуметтік желілердегі материалдарды талдап, өткен аптада ресейлік әскер Украина шекарасынан 250 шақырым қашықтықтағы Воронеж облысына жайғасқан деген шешімге келіп отыр.

2014-2015 жылдары ресейлік әскерилер шекараға әлдеқайда жақын маңда орналасқан екен.

CIT әлеуметтік желілерде жарияланған видео, суреттерден әскери техникалардың басым бөлігі Орталық әскери округке тиесілі екенін анықтаған. Бұл Воронежге дейін мыңдаған шақырымды жүріп өткен. Әскерилер Воронеж ауданындағы Масловка және Тресвят станциялары арқылы техникаларды тиеп, оңтүстікке қарай жол тартып бара жатыр. Кейбір әскери техникалар легі Воронежға жетпейтін жолдағы ауылдар арқылы өтіп жатыр.

CIT болжамынша, ресейлік әскери лагерь «Погоново» полигонының солтүстік бөлігінде, «Березка» бау-бақша серіктестігінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл Укриананың Луганск және Харьков облыстарындағы шекараға 250 қашықтықтай жақын.

Бұл арада орыс әскерлерінің Воронеж облысының Украина мен 150 шақырым қашықтықтағы Острогожск ауданында да топталғаны жайында мәліметтер бар.

Conflict Intelligence Team орыс әскерлері мұндай жайғасумен Украинаның шабуылына қарсы қорғанысы деп айтуға әлі ерте деп пайымдайды.

«Жікшіл топтарға қолдау көрсету үшін әскерлерді Донбассқа алып кіру керек болса, оларды Ростов облысына орнластыру логикаға сәйкес келеді. Сондықтан орыс әскерін Воронеж облысына орналастыру қорғануға емес, шабуыл жасауға көбірек ұқсайды», — дейді зерттеушілер.

Осыған дейін халықаралық басылымдар Ресейдің төрт мыңға жуық әскерін Украина шекарасына жайғастырғанын жазған. Ресейдің қорғаныс күштері мұны кезекті жаттығу деп атаған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »