Новости на Newstaraz.

ДДСҰ Түркіменстанды «коронавирусты іздеуге» шақырды

newstaraz.kz

Иллюстративное фото.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) денсаулықты күшейту жүйесінің дайындығын көтеру бойынша миссиясы Түркіменстандағы жұмысын аяқтап, өлке билігін «COVID-19-ды анықтау бойынша әрекеттерді күшейтуге» шақырды.

«Коронавирус тіркелген жағдайлар туралы уақытында хабарлау маңызды. Себебі бұл байланыста болған адамдарды іздеу, карантинге алу, шараларды эпидемиологиялық жағдайға сәйкестендіру секілді қосымша жолдарды қолдануға мүмкіндік береді», — деді миссияны басқарған ДДСҰ-ның Еуропадағы төтенше жағдайлар бойынша аймақтық директоры Дорит Ницан.

Қараша айының басында ДДСҰ өкілдері Түркіменстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ екені туралы өлке билігінің мәлімдемесіне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген.

«COVID-19 вирусы екі жылдан бері әлемнің барлық аймақтарында жайылып жатыр. Ғылыми жақтан қарағанда, Түркіменстанда вирус жоқ деген ықтималдылық төмен»,- деген ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар бойынша өкілі Кэтрин Смоллвуд.

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшілері осыған дейін медицина қызметкерлеріне сілтеме жасап, өлкеде коронавирус жұқтырғандар және одан қаза болып жатқандар көп екенін бірнеше рет хабарлаған.

Осы уақытта Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі өлке билігі коронавирустың омикрон деп аталатын жаңа штаммынан қауіптеніп, кезекті толқынның алдын алу үшін шектеу шараларын күшейтіп жатқанын жеткізген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »