Новости на Newstaraz.

ДЕПУТАТТАРДЫҢ АҚ ДЕГЕНІ АЛҒЫС ПА?

newstaraz.kz

Халық қалаулыларының ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс бола бермейді үнемі. Депутаттардың аузынан шыққан әрбір сөз дүйім жұрттың талқысына жиі түсіп жатады. Бірі қолдау тапса, енді бірінің басы дауға қалады. Қоғамда қызу пікір тудырған сондай ұсыныстардың бірнешеуін тілшіміз тізбектеп көрді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ара-тұра жұрттың қытығына тиіп тұратын Владимир Божко 2017 жылы да абайсызда сөзден сүрініп еді. Музейлерде сабақ жүргізу жоспарын талқылау кезінде ол балаларды еденде оқытуды ұсынған болатын. Оның бұл бастамасы, әлбетте, көптің ашуын келтірді. «Бұл халықаралық тәжірибе. Әрі бюджет қаражатына үнем» — деп ақталғаны есімізде. Осыған қатысты педагог Гүлбану Әбенова: «Жапонияға жалтақтай бермей, Алтынсарин салып кеткен сара жолды ұстануымыз керек», деген пікірде.

ГҮЛБАНУ ӘБЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бізде қазақ педагогикада ана жерде бір керемет бар екен, мына жерде бір әулие бар екен деп, біресе Японияға жүгіреді, біресе, Финляндияға жүгіреді, біресе Сингапурға. Менің пікірімше, ешқайда жүгіріп керегі жоқ. Әрине, олардың тәжірибесін, жүйесін көру керек. Бірақ біздің өзіміздің қазақы педагогикамыз бар. Бұрыннан келе жатқан, Алтынсариннан, Байтұрсыннан бастап».

Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов болса, жұмыс арасында «ерекше үзіліс» енгізуді ұсынған болатын. Оны пікірінше, кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде «дене шынықтыру үзілісін» ұйымдастыру керек. Алайда бұл идеяны да қолдаушылардың қарасы аз болды.

Елорда мәслихатының депутаты Қарақат Әбден ханым «Рухани жаңғырудың» жарқын үлгісі ретінде қыздарға қамзол киюді міндеттеу керек деген ұсыныс айтып еді. Одан бері де едәуір уақыт өтті. Алайда қазақтың қамзолына сұраныс сол қалпы. Соған қарағанда бұл ұсыныс та сөз жүзінде қалған сыңайлы.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ҚОЛӨНЕРШІ: «Қыз-келіншектердің ұлттық нақыштағы дүниені киюі, ол әрине, ұлттық санаға байланысты. Ұлттық санаға, өзінің ғұрпына, әдетіне, өскен жеріне, қылығына байланысты. Оны кигіземіз деп бұйырғаннан гөрі қыз-келіншектердің болмысын оятқан дұрыс сияқты. Ұлттық сананы оятқан дұрыс сияқты. Ол кісілердің өздерінен бастаса, мысалы».

2013 жылы сол кездегі Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Қымыз өндірушілердің республикалық палатасын құрудың қажеттігін айтты. Оның идеясын қолдағандар табылғанмен, ұсыныс сол бойы сөз күйінде ғана қалды.

АЛДАН СМАЙЫЛ, ЖАЗУШЫ: «Қымыз өндірушілердің республикалық палатасын құрайық деген ұсыныс жасадым. Заң қабылдайық енді, сосын сол заңды қабылдап алғаннан кейін, бірте-бірте реттерміз дедім ғой. Сөйтсем айтады: Конституция бойынша қымыз, тағы да басқа ұлттық тағамға байланысты жеке-жеке заң қабылдайтын тетік жоқ дейді. Жалпы, сол ұлттық мәселеге байланысты заң қабылдамайтын немесе соған жол бермейтін шараларды Конституцияда ескермегенбіз ғой. Ескермесек, неге ескермедік?!».

Қазақстанға Қазақ Республикасы атауын қайтару жөніндегі ұсыныс та елді елең еткізгенімен, ешкімнің оған бас қатырғысы жоқ. Естеріңізде болса, Азат Перуашев биыл қаңтар айында бұл бастаманы қайта көтерді.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Біздің ойымызша, біз өзіміздің мемлекетімізге халқымыздың төл атауын қайтаруымыз керек. Бұл деген қазақ. Қазақстан атауымен қатар, ресми түрде Қазақ Республикасы деп атауымыз керек.

Сол кезде Сенатты басқарып тұрған Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді. «Қазақстан» сөзінің түбірі онсыз да «қазақ», деген ол, мемлекет атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ деген болатын. Біз жоғарыда келтірген мысалдар, айтылғанымен орындалмай қалған ұсыныстардың бір парасы ғана. Ал олардың қаншалықты өзекті екені уақыт еншісінде.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »