Новости на Newstaraz.

Дереккөз: Tajik Air әуе компаниясының бұрынғы бас директоры Душанбеде ұсталды

newstaraz.kz

«Тәжік Эйр» (Tajik Air) әуе компаниясының бұрынғы бас директоры және Душанбе халықаралық әуежайының бұрынғы басшысы Рустам Холиков ұсталды. Тәжікстан бас прокуратурасы топ-менеджерді ұстау жөніндегі шешімді 26 мамырда қабылдаған.

29 мамырда Азаттық радиосы Тәжік қызметінің екі дереккөзі Рустам Холиков қаржы жымқырды, жалған құжат пайдаланды және алаяқтық жасады деген күдіктермен ұсталғанын хабарлады. «Сот Холиковтың ақшасы мен мүлкіне тыйым салды. Оған Tajik Air әуе компаниясын басқарған уақытта бірнеше қылмыс жасады деген айыптар тағылған» дейді дереккөздердің бірі.

Билік Рустам Холиковтың ұсталғаны туралы ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Күдікті мен оның адвокатының осы іске қатысты пікірін білу әзірге мүмкін болмай отыр. Қылмыстық істің мән-жайы белгісіз.

Рустам Холиков Tajik Air әуе компаниясын 2008-2016 жылдар аралығында басқарды. Ол Литвадағы «Скайроуд Лизинг» компаниясымен ұшақтарды жалға алу туралы келісім-шартқа қол қойған, бірақ құжат шарттарын орындамаған. Сол себепті сот Tajik Air компаниясын литвалықтарға 20 млн доллар төлеуге міндеттеген.

Еске салайық, Рустам Холиков 2019 жылғы 4 тамызда Душанбе әуежайында ұсталған. Сол кезде топ-менеджерді ҰҚМК ғимаратында тергеген соң ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатқан. Мәліметтерге қарағанда, Холиков әуе компаниясын басқарып тұрған жылдары Tajik Air республика бюджетін 150 млн сомони шығынға батырған.

Tajik Air ұлттық әуе компаниясы бірнеше жылдан бері техникалық және қаржы қиыншылығын тартып келеді. Озоди радиосының 2021 жылғы зерттеуінде әуе компаниясы салық органдарына, банктерге, әуежайларға және басқа да техникалық қызметтерге 40 миллион доллар қарыз екені айтылған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »