Новости на Newstaraz.

ДОСЫМЫЗ ҚАСАҚАНА ӨЛТІРІЛГЕН!

newstaraz.kz

Досымыз қасақана өлтірілген. «Қазақмыс» корпорациясының басшысы мен маманын жаралап, өз-өзіне қол салған Тоғызбай Тәжбеновтың достары арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Айтуларынша, қайтыс болған маман өте сабырлы, ешкіммен жанжалдасайтын кісі болған. Жоғары жақтан қысым көрген деп отыр. Істің әділ тергелуін талап еткен жақындары, «Қазақмыс» басшысының қызметінен кетуін талап етуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ДӘУІТ БАЙКЕНЖИНОВ, МАРҚҰМ ТОҒЫЗБАЙ ТӘЖБЕНОВТЫҢ ДОСЫ: «Теледидарда тарап жатқан ақпаратпен мүлдем келіспеймін. Ол кісі өз-өзіне қол жұмсайтын адам емес. Жезқазған қаласының халқы бәрі сол ойда. Бас прокуратурадан сұрайтыным, тергеу әділ, таза ашық түрде өтсе. Өлген адамға күйе жақпай, бұрмаламай, шындықты жасырмай іс қаралу керек».

КСМ: Бұл кісі осыдан бір жұма бұрын «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен маман Сабыржан Тембаевты ауыр жарақаттап, артынан өз-өзіне қол салған Тоғызбай Тәжбеновтың досы. Ол марқұмның бұл әрекетіне сенбей, көпті таңқалдыратын мәлімдеме жасады. Өлген адамды кінәлі деп шығару оқиғасы алғаш рет емес деген досы «Қазақмыста» мұндай жағдай қалыпты құбылысқа айналып кеткен, — дейді. ДӘУІТ БАЙКЕНЖИНОВ, МАРҚҰМ ТОҒЫЗБАЙ ТӘЖБЕНОВТЫҢ ДОСЫ: «Өкінішке орай, «Қазақмыс» корпорациясында бір жаман нәрсе қалыптасқан. Ол өлген адамды кінәлі деп, жамандау. Қарашаның 26-да «Оңтүстік» кенішінде, №65 шахтада қайтыс болған ауысым шебері Ильясов пен ауыр жарақат алған Сәрсенбаев Жанат соған дәлел. Екеуін де кінәлап жатыр. Менің айтатыным Огай мырза қызметінен кетуі керек». Күні кеше ғана жер қойнына тапсырылған Тоғызбай Тәжбеновты достары өте еңбекқор адам ретінде таниды. Сондықтан, марқұмның өз-өзіне қол жұмсады, адам пышақтады деген ақпарға сенбей, керісінше досымызды қасақана өлтірді деп отыр. ЕРБОЛ БЫЛШЫҚБАЕВ, МАРҚҰМ ТОҒЫЗБАЙ ТӘЖБЕНОВТЫҢ ДОСЫ: «Бұл әдейі жасалған қылмыс. Оған мен емес Жезқазған халқы сенімді. Тұрғындар арасында түрлі алып-қашпа әңгіме жүріп жатыр. Тиісті орган, оқиғаның ақ қарасын анықтауы қажет». Қанды оқиғадан 8 күн өтсе де, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері БАҚ құралдарына бірде-бір ресми мәлімет берген жоқ. Тек өздерінің ресми сайттарында мынадай бір тілім хабарлама іліп қойған. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бірінші басшысы ретінде компания бұл қайғылы жағдайдың себептерін анықтауға бар күш-жігерін салады деп толықтай айта аламын. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдауда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Осы қайғылы оқиғаға қатысты қазіргі уақытта түрлі пікірлер айтылып жатыр. Мен Тоғызбай Тәжбеновті бұл лауазымға адал, парасатты және жоғары кәсіби қасиеттері үшін ұсынғанымды атап өткім келеді. Сол себепті де асығыс қорытынды жасаудан бас тартып, тергеу нәтижелерін күту керек деп есептеймін». «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огайдың кәсіпорынның ресми сайтындағы мәлімдемесінен. Еске салайын, қанды оқиға 21 қаңтар күні болған еді. «Қазақмыс» корпорациясының» бас директоры Амангелді Мініғұлов пен «Кәсіп қорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алған. Сондай-ақ, араша түскен «Қазақмыс» корпорациясының маманы Сабыржан Тембаевтың да кеуде тұсынан жарақат салған. ЖАНАТАЙ СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Қазақмыс» корпорациясының директоры Минегуловтың кабинетінде Тәжбенов өзара жанжал барысында Минегулов пен осы мекеменің маманы Тембаевке пышақпен дене жарақатын келтіріп, сол жерде өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша тергеу жүргізілуде». Тіпті, іс алдағы уақытта мүлде тоқтатылуы да бек мүмкін. Себебі.. МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Практикада бұл қысқартылады. Тоқтатылымға алынады. Өйткені, күдікті адам болмауына байланысты».

«Өлген адамға» күйе жақты деп ашынған марқұмның бір топ досы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат дайындап жатыр екен. Олар бұл оқиғаның әділ тергелуін талап етуде.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »