Новости на Newstaraz.

Дума депутаты соғысқа «орталық азиялықтардың армиясын» мобилизациялауға шақырды

newstaraz.kz

Мемлекеттік дума депутаты Михаил Матвеев Ресей бірқатар Орталық Азия елдерімен қос азаматтық жүйесінен бас тартып, екі елдің азаматтығы бар адамдарды соғысқа мобилизациялау ережесін өзгерту керек екенін мәлімдеді.

«Жыл сайын «орталық азиялықтардың бүтін бір армиясы», бірінші кезекте тәжіктер орыс азаматтығын алып жатады. Бірақ олар осындай белсенділікпен соғысқа бармады, отаны үшін Ресейдің жергілікті халқы, негізінен орыстар өліп жатыр», — деп жазды Матвеев Telegram-каналына.

Депутаттың айтуынша, «Әскери міндет туралы» заңда орыс азаматтығын алған адам екі апта ішінде әскери комиссариатқа тіркелуі керек және соғысқа мобилизациялануы керек.

«Олар неге мобилизацияланбай жатыр? Тәжік батальондоры қайда? Соғыс кезінде Ресейге әскерилер керек… Орталық азиялықтардың «армиясы» атқыштар мен минометшілердің емес, құрылысшылар, таксистер және аула сыпырушылардың полктарына қосылып жатыр», — деп жазды Матвеев.

Депутат орталық азиялықтардың соғысқа тартылмай жатқаны қос азаматтық институты себеп болып жатыр деп есептейді.

«Заңдарды қарап шығып, өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеймін. Егер мәселе расында қос азаматтықта болса, онда оған тыйым салыну керек те, мобилизациялау тәртібін өзгерту керек», — деді Матвеев.

Ресейдің ІІМ мәліметінше, биыл соңғы үш айда Тәжікстанның 45 мың азаматы орыс төлқұжатын алған. Екі елдің арасында қос азаматтық туралы келісім бар.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »