Новости на Newstaraz.

Душанбе соты «Абу Довуд» лақап атымен танымал содырға 21 жыл жаза берді

newstaraz.kz

«Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының содыры, «Абу Довуд» лақап атымен танымал Парвиз Саидрахмонов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Тәжікстанның Жоғарғы сотының өкілі мәлімдеді.

Сот үкімі былтыр қараша айында шыққан екен. Сот отырысы жабық өткен.

Парвиз Саидрахмонов Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Ол жақтан 2014 жылы Иракқа кетіп, ИМ тобына қосылған. 2021 жылы оны Сирияның Жараблус аймағындағы лагерьден байқаған. Ол түрік арнайы қызметі тарапынан ұсталып, былтыр қыркүйек айында отанына экстрадицияланған.

Жоғарғы соттың өкілі Парвиз Саидрахмонов бірнеше қылмыстық іс бойынша, оның ішінде экстремизм, адамдарды террористік ұйымға тарту секілді баптар бойынша айыпты деп танылған.

«Абу Довуд» адвокатпен қамтамасыз етілді ме, жазасын мойындады ма, ол жағы белгісіз.

Тәжікстан билігі 35 жастағы Парвиз Саидрахмоновты террористік ұйымның ең қауіпті өкілі деп санайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2013-2015 жылдары 2 мыңға жуық тәжік азаматы ИМ қатарына қосылған. Олардың көбі Ресейге жұмыс істеуге кетіп, сол жақта экстремистердің ықпалына түскен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »