Новости на Newstaraz.

Джефф Безос жеке ракетасымен ғарышқа ұшты

newstaraz.kz

Әлемдегі ең бай адам, америкалық миллиардер Джефф Безос ғарышты бағындырды. 20 шілдеде ол інісі Марк Безос, 82 жастағы америкалық әйел авиаторлордың бірі Уолли Фанк және 18 жастағы Оливер Деймен ғарышқа ұшып келді.

Оларды Безос негізін құрған Blue Origin компаниясы жасап шыққан New Shepard кемесі «ғарыш шегі» саналатын Карман сызығына дейін алып шықты. Бұл сызық теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктікте орналасқан.

АКШ-тың Техас штатындағы Ван Хорн шетінен ұшып шыққан New Shepard кемесінің Жерден ең биік көтерілген шегі 106 шақырым болды. Экипаждың жалпы сапары 10 минөт 20 секундқа созылды. Жолаушылар 3-4 минөттей ғарыш кемесінің ішінде қалқыған жағдайды сезіне алды. Одан кейін астронавттар отырған капсула АҚШ-тың Техас штатындағы арнайы мекенге қонды.

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Blue Origin компаниясын 2000 жылы қалап, одан бері ғарыш туризімін жүзеге асыруды жоспарлап келген. Енді компания ғарышқа ұшқысы келетіндерге билет сатады. Бірақ бір билеттің құны қанша болатыны әзірге айтылмады.

Тоғыз күн бұрын британдық миллиардер бизнесмен Ричард Брэнсон Virgin Galactic компаниясы құрған аппарате ғарышқа ұшқан.

57 жастағы Джефф Безос Blue Origin компаниясынан бұрын, 1994 жылы интернет арқылы сауда жасайтын Amazon компаниясын құрған.

Ол Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде бірнеше жылдан бері бірінші тұр. Оның байлығы пандемияға қарамастан 2020 жылы 64 миллиард долларға көбейген. Қазір америкалық бизнесменнің жалпы байлығы 200 миллиард доллардан асады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »