Новости на Newstaraz.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Түркиядағы сайлауды толықтай әділ өтті деп есептемейді

newstaraz.kz

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан барған халықаралық бақылаушылар Түркияда өткен президент сайлауын толықтай әділ әрі еркін өтті деп есептемейді.

Бақылаушылардың сайлаудың екінші туры туралы есебінде саяси науқан барысында билік басындағы үміткерге жақтасу мен сайлаушыларға қысым көрсету, соның ішінде мемлекеттік БАҚ тарапынан да ықпал ету болды деп жазылған.

ЕҚЫҰ сайлаудың өзін ұйымдастыру демократия ережелеріне сай келетінін, сайлаушылар үміткерлерді еркін таңдай алғанын растады. Алайда сайлау қарсаңындағы науқан кезінде өткір сөз, бақталастың беделін түсіру секілді жайттар кездесті деп жазылған есепте. Мемлекеттік БАҚ-тардың билік басындағы үміткерге жақтасқаны, сөз еркіндігі шектелгені туралы да айтылды. ЕҚЫҰ пікірінше, осының бәрі қазіргі президент Режеп Ердоғанға басымдық беріп, оның қарсыласының жеңіске жету мүмкіндігін түсіріп жіберді.

Түркиядағы сайлау түрік лирасының бағамына кері әсер етті. Бұған дейін де құлдыраған ұлттық валюта сайлау науқаны кезінде одан сайын құнсызданды. Дүйсенбі күні таңертең Ердоған жеңіске жеткені жарияланған уақытта бір доллар 20,05 лираға дейін түскен. Morgan Stanley банкі жыл аяғына дейін лира бағамы 29 пайызға – бір доллар үшін 28 лираға дейін құлдырауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »