Новости на Newstaraz.

ЕҚЫҰ миссиясы Украинадан толығымен шығып кетеді

newstaraz.kz

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Украинадағы байқаушы миссиясының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді. Мәскеу миссияның 1 сәуірде аяқталған мандатын ұзартудан бас тартқан.

ЕҚЫҰ төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Збигнев Рау мен ұйымның бас хатшысы Хельга Мария Шмид Ресейдің ұстанымы оларды осындай қадамға баруына себеп болғанына өкінішін білдірді.

Осыған дейін Ресейдің ЕҚЫҰ-дағы арнайы өкілі Александр Лукашевич миссияны жанжал кезінде украин тарапқа көмектесті, оның ішінде брондалған көліктерді «Азов» батальонына берді деп айыптаған.

Күні кеше Ресей ЕҚЫҰ-ны ресейлік және ресейшіл күштердің орналасқан жері жөнінде мәліметті Батыс және Украина барлау қызметтеріне берді деп айыптаған.

ЕҚЫҰ миссиясы 2014 жылдан бері Украинада, оның ішінде Киевке бас имей келген аудандарда мониторинг жүргізіп келген.

Раудың айтуынша, ЕҚЫҰ жанжалды бақылауға алған, нақты ақпарат жинаған, бейбітшілік орнатуда араағайын болған және бейбіт тұрғындар үшін жанжалдың салдарын жеңілдету жұмыстарын жүргізген жалғыз халықаралық ұйым болған.

Украинадағы миссияда 814 халықаралық және 477 жергілікті қызметкер істеген. Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін барлық байқаушылар өлкеден шығарылған, бірақ миссияның әкімшілік өкілдері Украинада қалған, одан бері төртеуі кепілдікке алынған. ЕҚЫҰ-ға 57 мемлекет, оның ішінде Ресей мен Украина кіреді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »