Новости на Newstaraz.

ЕЛДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ТҰТАС АУЫЛДЫ ЖҰМБАҚ ӨЛІМ ЖАЙЛАҒАН

newstaraz.kz

Теріскейде, Солтүстік Қазақстан облысында тұтас бір ауылды жұмбақ өлім жайлап барады. Әсіресе, соңғы үш жылда қара жамылған отбасы көбейген. Бақилық болғандардың дені жастар. Бұрындары кейбір өңірде бір ауыл жаппай ұйқыға кетіп жатқан еді, енді оянбай қалатын дерт шығыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысында Бұлақ деген ауыл бар. Бірақ халқы бұлақтан емес құдықтан су ішеді. Құдық болғанда да Кеңес заманында қазылған. Судан ба, басқадан ба, белгісіз соңғы кезде өлім-жітім көбейген. Бұлақ ауылындағы бақилық болғандардың санын облыс әкімнің өзі де есептеп үлгере алмай жатыр. ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: “Алдында айтылған фактілер дәлелденген жоқ. 2019 жылы қайтыс болған азаматтар саны 9 не 8 адам, тағы да тексеремін. Бір арнайы комиссия құрылып, тиісті мамандар, ауылдың тұрғындары кіру керек. Солардың көзінше, фондарды, судың тазалығын тексеріп, лобораторияға апарып”. Жұмбақ өлімнің жайлағанына үш жылдың жүзі болған. Бірақ облыс әкімі енді кіріспек. Ал, тұрғындар қауіпті кеселді ауылдың іргесіндегі алтын қазатын кәсіпорынның жұмысымен байланыстырады. Себебі, қайтыс болғандардың көбі осы өндіріс орнында еңбек еткен. Осы мәселе бойынша жуырда жергілікті атқарушы билік өкілдері де түсініктеме берген. Алтын өндірісінің ешқандай қатысы жоқ дейді. Қаннен қаперсіз Ресейде іс сапарда жүрген экология министрінің де осы мәселемен мазасын алдық. МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ “Бұл мәселені біз қазір зерттеп жатырмыз. Тез арада оның нәтижелері болмайды. Радиацияның фонын зерттеу керек. Бір-екі аптада біз оның нәтижесін халыққа хабарлайтын боламыз”. Осылайша, бір-екі жылдан бері шешілмей жүрген жұмбақты Экология министрі бір-екі аптаның төңірегінде анықтап береміз деген сыңай танытты. Естеріңізде болса, осыдан біраз жыл бұрын Ақмола облысында тұтас бір ауыл халқы қайта-қайта ұйықтап қалып қорқытып еді. Ол кезде елдімекен жанында уран өндірісі болған деген сыбыс шықты. Ал енді бүтін бір ауылды жайлап бара жатқан жұмбақ өлімнің себебін әлі ешкім білмейді. Әлде әкімдерді ауыл тұрғындарының өмірі емес, алтын өндірісі қызықтырып отыр ма екен, кім білсін.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »