Новости на Newstaraz.

ЕЛОРДАЛЫҚ АЛЬБИНОС ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ: БАСТАПҚЫДА ШОКТА БОЛДЫМ!

newstaraz.kz

Альбинос адамдар туралы естігеніңіз бар ма? Ағзаларында күннен қорғайтын арнайы пигменттің болмауына байланысты далада 10 минуттан артық жүре алмайтын, көзі, қасы, кірпігі аппақ, көзі көгілдір жандар. Сенесіз бе? Біздің елде 1 млн халыққа шаққанда тек біреуі сондай ерекше болып туады екен. Яғни өте сирек кездеседі. Олардың қатарында елордалық Аида есімді балақай да бар. Сонда бүлдіршін несімен ерек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Отанына өлең арнап, камерадан ұялып, қуыршаққа ұқсап тұрған бұл Аида есімді балақай басқалардан өзгерек. Бір миллион адамның арасында біреуге ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ ол туралы кейінірек. Жексекеевтер отбасы тұңғыш ұлдарынан соң, 18 жыл бойы қызды болуды армандапты. Сондықтан Талғат ағамыз отанасының жүктілігі кезінде 9 ай бойы қасынан шықпапты, тіпті босанған кезде де. Ал көптен күткен қызын көргенде, таңданысын жасыра алмапты. ТАЛҒАТ ЖЕКСЕКЕЕВ, АИДАНЫҢ ӘКЕСІ: «Сол кішкене шокта болдым. Білмеймін ғой кім ол? Қандай альбинос деген. Сосын үйге келіп, есімді жинап телефонға кіріп. Сосын…» Сосын «альбинос» деген ерекше аппақ жандардың барын сонда ғана біледі. Сөйтсе, оларда күннен қорғайтын арнайы меланин деген пигмент болмайды. Содан сыртта да ұзақ жүре алмайды. Одан бөлек көз жанарының фокусы нашарлау келетіні болмаса, басқа айырмашылықтары жоқ екен. ТАЛҒАТ ЖЕКСЕКЕЕВ, АИДАНЫҢ ӘКЕСІ: «3-4 жаста қонаққа, көпшілікке барып келсек, түні бойы жылайды сосын. Оказывается көз тиіп қалады екен. Ал қазір уже иммунитет выработался и біз шаға береміз. Ал бұрын мүлдем шығармайтынмын» Әлгінде айттық. Альбиностар елімізде түгіл, әлемде өте сирек кездеседі деп. Сондықтан біреулер көшеде көріп, қасына асыға келіп қызыға қараса, басқасы қорқады. «Бұл кім? Қасы неге ақ? Шашы боялған ба?» деп сұрақтың астына алады екен.

ҚАЙЫРЖАМАЛ ЖЕКСЕКЕЕВА, АИДАНЫҢ АНАСЫ: «Кісілер сразу көреді де, садикке апарғам бірден қорқып, мен айттым қорықпаңыз, бұл бала ештеңемен ауырмайды. Ешқандай диагнозы жоқ. Тек зрениясы ғана болмаса, бірақ айттым альбиностардың зрениясы өзі сондай болады деп. Ниче өздері де соған үйреніп қалды» Аиданың сырт келбеті ерекше болғанымен, былай кәдімгідей қарапайым бала. Билегенді, сурет салғанды жақсы көреді. Қазақ пен орыс тілдерін еркін меңгеріп, қазір ағылшын тілін үйреніп жүр. Өскесін балерина болуды армандайды. Жексекеевтер әулеті әуелі әжесінің қалауы бойынша көптен күткен қыздарының атын Қарақат деп қойғысы келіпті. Алайда кейін ары ойланып, бері ойлап, Аида деген есім берген. САҒИЛЯ ЖЕКСЕКЕЕВА, АИДАНЫҢ ӘЖЕСІ: «Сосын ойлаймын мен біреулер ойлайтын шығар мынаны ұрлап алды ма деп. Енді оның құжаттарын бірге тасып жүреміз. Біра жаққа барсақ. Кім біледі оны ұрлап алды деп айта ма? Ылғи да сұрап жатады. Мен қайдан білейін альбинос дегенді. Өзім қартайғанда жаңа естіп жатырмын» Қызығы, Аида мен ағасы Абылайдың туған күні бір күнде. Екеуі де дүние есігін ақпанның сегізі ашқан. Кейіпкеріміз бүгін алты жасқа толды. Аида дәстүрдегідей мерекелік торттың шамдарын өшіріп, арманым орындалса екен деп тілек айтты. Ал оның міндетті түрде орындалатынына біздің мүлдем күмәніміз жоқ. Өйткені періштелердің тілегі қабыл болады емес пе?

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »