Новости на Newstaraz.

Ердоғанға Ресейдің кей аймақтары мен Қытайдың Шыңжаңы қосылған «түркі әлемі» картасын сыйлады

newstaraz.kz

Түркияның Ұлтшылдар партиясының жетекшісі Дәулет Бахчели Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға «түркі әлемінің» картасын сыйлады. Картада Ресейдің 20-ға жуық аймағы мен Қытайдың бір бөлігі бар деп хабарлайды «Кавказ Реалии» (Азаттықтың Солтүстік Кавказ редакциясы).

Картада Ресейдің Солтүстік Кавказ республикалары (Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан, Қадарбин- Балқар, Қарашай-Шеркес және Адыгей), Краснодар аймағы, Ростов облысының бір бөлігі, Еділ жағалауы, Шығыс Сібір мен Якутия «түркі әлемі» деп көрсетілген.

Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де республикалары және Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы да «түркі әлемі» картасына қосылған.

Сыйлаған саясаткер де, алған саясаткер де карта жөнінде пікір айтқан жоқ.

Былтыр Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы жеңісінен кейін Кремльдің ықпал аймағы саналатын Кавказ аймағында Түркияның рөлі күшейе түскен. Биыл көктемде өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммиті Түркияның Орталық Азиядағы бұрынғы советтік республикаларға мәдени-экономикалық ықпалы арттыра бастағаны туралы болжамдарды күшейткен. Осыдан кейін Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі «бір ұлт — алты мемлекет» ұранымен түркі мемлекеттерін біріктірудің алғашқы қадамы жасалды деп хабарлаған.

Биыл 12 қарашада Түркияда өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 8-саммитінен соң кеңес атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» болып өзгерген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »