Новости на Newstaraz.

Euromonitor: Ресей санкцияларды постсоветтік елдердің көмегімен айналып өтіп жатыр

newstaraz.kz

Ресей армиясы Украина аумағына басып кірген соң Еуропа елдері Кремльге қарсы санкция енгізіп, Ресейге тауар жеткізуді тоқтатты. Дегенмен Ресей еуротауарды постсоветтің елдер арқылы реэкспорт жасауға көшті.

Бұл туралы РБК басылымы Euromonitor International зерттеу компаниясының баяндамасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Еуропа статистикасына сәйкес, 2022 жылғы наурыздан бастап ЕО елдерінің Ресейге экспорты 47 пайызға төмендеген. Есесіне былтыр еуропалық тауарлардың Армения, Беларусь, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорты 48 пайыға артып, көлемі 20,3 млрд еуроға жеткен.

Ресей ЕО тауарларын үшінші бір елден реэкспорттау арқылы санкцияларды айналып өтіп жатыр.

Euromonitor International ай сайын Ресейге үшінші бір мемлекет арқылы 2,7-2,8 млрд еуроның еуротауары кіретінін анықтаған.

Бұның алдында Еуропа одағының кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санкциялар мерзімін 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін созған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »