Новости на Newstaraz.

Евгений Пригожин бүлігінен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады

newstaraz.kz

Ресейдегі «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының (ЖЭК) басшысы Евгений Пригожин «әділеттілік маршын» аяқтаған соң телеграм-каналына алғашқы 11 минөттік аудио мәлімдемесін жариялады.

Оның қазір қайда екені белгісіз.

Пригожин «Вагнер» тек Ресейдің мүддесін қорғайтынын, Украинамен соғыста айтарлықтай жеңіске жеткенін айтады.

«Бірақ ойластырылмаған шешімдер бойынша ЖЭК 1 шілдеде тарауы керек болған. Содырлар мен командирлер қорғаныс министрлігімен келісімге келуден бас тартты. Бірақ шешім өзгерген жағдайда, 30 маусымда Ростов-на-Дону-ға барып әскери техникаларын қорғаныс министрлігіне өткізбек болдық», — деген Пригожин.

Пригожиннің сөзінше, соған қарамастан ЖЭК-ға қарсы зымыран соққысы берілген. 30-ға жуық содыр қаза болған. ЖЭК командирі бірден «әділеттілік маршын» ұйымдастыруды шешкен.

Марш 24 сағатқа созылған. Бір колонна Ростов-на-Дону қаласына кірсе, екіншісі Мәскеуге бет алған. Жол бойында ешқандай қарсылық байқамаған. Ол әскерге соққы бермек болған бірнеше әскери ұшақты қиратқаны үшін өкінетінін білдірді.

Пригожин жол бойында «Вагнерге» қосылуға ниет білдірген орыс әскері болғанын мәлімдеді.

Пригожиннің айтуынша, жолда өте көп қан төгілетінін ойлап тоқтаған. Ол билікті құлату емес, қарсылық білдіру ниеті болғанын айтты.

Пригожиннің «қарулы қозғалысы» екі күнге жетпей аяқталды. Ресей президенті Владимир Путин оған Беларусқа шығып кетуге рұқсат бергені хабарланды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »