Новости на Newstaraz.

Ферғана зауытында өз-өзін өртеген жұмысшының туыстары мекеме басшылығын айыптады

newstaraz.kz

Ферғана мұнай өңдеу зауытының 47 жастағы қызметкері Санобархон Хайдарова 2 тамызда кәсіпорын аумағында үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеді. Ол жұмыстан шығарған кәсіпорынға реніжін осылай білдірген.

Атынша Ферғана мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты мәлімет таратты. Онда «әйелді жұмыстан шығармаған, оны мекемеге кіру куәлігі болмауына байланысты ішке кіргізбеген. Оның үстіне, әйелдің отбасында бір қиыншылықтары болған» делінген зауыт мәлімдемесінде.

Алайда Санобархон Хайдарованың туыстары Ферғана зауыты таратқан мәліметті жалған деп отыр.

– Қазір біз Санобархонмен біргеміз. Оның денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Көзі көрмейді, бірақ есін біледі. Оны өз-өзін өртейтіндей жағдайға жеткізген. Ол бәрін айтып берді. Басқа жұмысқа ауыстырамыз деп жұмыстан кету туралы арыз жазғызған. Ол келіскен. Бірақ зауытқа келгенде оны кіргізбей қойған. Сөйтіп ол жұмыссыз қалған. Ол Феруза есімді директор орынбасарымен сөйлескен. Ол жұмыстан қысқартылғанын айтқан. Әпкеміз үйіне жылап қайтқан. Ертесіне жұмысқа қайта барған, бірақ оны күшпен шығарып жіберген. Зауыт басшылығы әпкемізді алдады», — дейді Санобархон Хайдарованың туыстары.

47 жастағы Санобархонның төрт қызы бар, оның үшеуі тұрмыс құрған. Кенже қызы тоғызыншы сыныпқа өткен. Туыстарының айтуынша, екі ай бұрын оның күйеуі құлап, мүгедек болып қғалған.

– Бұл зауытта сегіз жыл жұмыс істеген. Жақсы жұмысы үшін грамота, телевизор алған. Енді өз-өзін өртеуге дейін жеткізген зауыт басшылығы оның асты-үстіне түсіп, жағдайын жасап жүр. Енді бұдан не пайда? — дейді Хайдарованың туыстарының бірі.

Айта кетерлік жайт, Ферғана мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары қысқартулар мен жалақының аздығына үнемі шағымданады. Кейінгі бірнеше жылда мұнда бірнеше наразылық акциясы болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »